
Ағымдағы жылдың 10 маусымында ақпараттық технологиялар колледжінде «ҚазРоботикс» Қазақстандық білім беру және спорттық робототехника федерациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігі, Павлодар облысы білім басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы және Павлодар облыстық ақпараттық технологиялар орталығы ұйымдастырған «KazRoboSport-2023» республикалық чемпионатының облыстық кезеңі өтті.
Чемпионат төрт санат бойынша өтті: «ARQAN TARTYS» (10-13 жас), «ASYQ ATU» (12-18 жас), «AQ SUIEK» (14-18 жас), «РОБО-СУМО 10*10см» (12-18 жас), оған облыстың қалалары мен аудандарының білім беру ұйымдарынан 50-ге жуық команда қатысты.
Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша:
- «ARQAN TARTYS» санаты бойынша 1-орынды Павлодар қаласының № 21 ЖОББМ командасы Е.В. Тихонова, П. С. Турий-Ладыко, жаттықтырушысы Н.Л.Блок, 2-орынды Екібастұз қаласының № 26 мектеп-гимназия командасы Нурмагамбетов Алим, жаттықтырушы Тұрсын Қасым, 3-орынды Павлодар қ. № 25 ЖОББМ командасы Р. Б. Қайырденов, Р. М. Егеубай, жаттықтырушы Ж. Ж. Томаров иеленді;
- «ASYQ ATU» санаты бойынша 1-орынды Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының командасы жеңіп алды, құрамында Батталова Камила, Балтабай Жахангир, жаттықтырушысы Ералин Айбат Мейрамбекұлы, 2-орынды Павлодар қ. № 25 ЖОББМ командасы иеленді, құрамында Мукин А.К., Орынғазы Д.А., жаттықтырушысы Томаров Ж. Ж., 3-орынды Баянауыл ауданы М. Жүсіп атындағы ЖОББМ командасы иеленді, құрамында Исабек Н.Ж., Серік Н.А., жаттықтырушысы Аюпов А. Х.;
- «AQ SUIEK» санаты бойынша 1-орынды Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты жеңіп алды. құрамында Пшенбай Ә.М., Темербек М.С., жаттықтырушысы Ералин А. М., 2-орынды Успен ауданы Галицкое ауылының М. Әуезов атындағы ЖОББМ командасы иеленді, құрамында С.В. Осипов, Д. Л.Коцеруба, жаттықтырушысы А.Ю.Волочаев, 3-орынды Павлодар қ. Ж. Ташенов атындағы ЖОББМ командасы иеленді. құрамында Ағынтай Е., Жастілек Б., жаттықтырушысы Балтабай Е.А.;
- «РОБО-СУМО 10*10см» санаты бойынша 1-орынды Баянауыл ауданы М. Жүсіп атындағы ЖОББМ командасы иеленді, құрамында Баян К.М., Казтаев К., жаттықтырушы Аюпов Асқар Хамзайұлы, 2-орынды Баянауыл ауданы З. Ақышев атындағы ЖОББМ командасы алды, құрамында Е. У. Тұрғынбаев, жаттықтырушы Данияр Хамзайұлы Аюпов, 3-орын Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының командасына берілді, құрамында Жұмағелді Н.Ж., жаттықтырушы Ералин А. М.
Облыстық кезеңнің жеңімпаздары ағымдағы жылдың күзінде Астана қаласында өтетін "KazRoboSport-2023" республикалық чемпионатына жолдама алды.