Мектеп мұғалімдері 3D модельдеу және Arduino курстарын өтуде

08.02.2024
Мектеп мұғалімдері 3D модельдеу және Arduino курстарын өтуде

С. Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада 2024 жылдың 5-9 ақпан аралығында 3D модельдеу және Arduino бойынша робототехника мұғалімдеріне арналған қарқынды курс өтуде.

Курста облыс педагогтары теория, тәжірибе, функционалдық сауаттылық, бағдарламалау және электроника бойынша біліктіліктерін арттырады. Курс аяқталғаннан кейін оның қатысушылары 2024 жылғы 14 наурызда өтетін «Makerspase Hardwere Projects» турниріне қатысу үшін өз оқушыларымен жоба дайындайды.

Бұл тренингті Қазақстандағы АҚШ Дипломатиялық миссиясының қолдауымен «MakerSpace Pavlodar» компаниясы, американдық бұрыштар «Kazakstan AmCorners Network» қоғамдық бірлестігі, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және Павлодар облысы білім беру басқармасының облыстық ақпараттық технологиялар орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.