Ең үздік интерактивті сабақтар

27.05.2021
Ең үздік интерактивті сабақтар

Интерактивті жабдықтарды білім беру үдерісінде қолдану аясында педагогтардың кәсіби шеберліктерін жетілдіру, белсенді және дарынды оқытушылардың үздік іс-тәжірибелерін жинақтау және тарату, оларға қолдау көрсету мақсатында 2021 жылғы 1 ақпан мен 26 мамыр аралығында Павлодар облысы білім беру басқармасы мен Облыстық ақпараттық технологиялар орталығы облыс ұстаздары арасында «Үздік интерактивті сабақ» атты педагогикалық идеялар интернет-фестивалін өткізді.
Фестивальге жаратылыстану–математикалық пәндер, қоғамдық–гуманитарлық пәндер, бейіндік оқыту, бастауыш сыныптардағы оқыту, сабақтан тыс оқыту, мектепке дейінгі оқыту бағыттары бойынша жұмыстар қабылданды.
Фестивальге оқу-тәрбие процесіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды белсенді енгізуші облыстың 64 оқытушысы қатысуға ниет білдірді. Бірақ, оның ішінде, Фестивальдің талаптарына сәйкес іріктеу нәтижесінде 30 жұмыс қабылданып, облыстық ақпараттық технологиялар орталығының (http:// pvlcit.kz) сайтында 17-24 мамыр аралығында пікірлер қалдыру үшін жарияланды. Фестивальдің қорытындысын шығару барысында сыни пікірлер ескерілді.
Қазылар алқасының шешіміне сәйкес «Жаратылыстану–математикалық пәндер» бағыты бойынша: 1-орын Железин ауданы Т.П.Праслов атындағы Прииртышск ЖОББ мектебінің математика пәнінің мұғалімі Мария Николаевна Лизунова, 2-орын Аққулы ауданы Жаңатан ЖНББ мектебінің математика пәнінің мұғалімі Гульжанат Темирбековна Арынова, 3-орын Павлодар қаласы, ақпараттық технологиялар колледжінің оқытушысы Ольга Вилорьевна Тенизова;
«Қоғамдық–гуманитарлық пәндер» бағыты бойынша:
1-орын Май ауданы Жалтыр ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Эльмира Егинбаевна Базылбаева, 2-орын Шарбақты ауданы №3 ЖОМ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ольга Ильинична Дронова, 3-орын Железин ауданы № 2 НМ орыс тілі пәнінің мұғалімі Екатерина Николаевна Дерунова, 3-орын Ақсу қаласы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Инкар Нышановна Идрисова;
«Бастауыш сыныптардағы оқыту» бағыты бойынша:
1-орын Павлодар қаласы № 9 гимназия мектебінің ағылшын тілі пәнәнің мұғалімі Ольга Николаевна Шадрина, 2-орын Железин ауданы Славяновка НМ бастауыш сынып мұғалімі Ирина Александровна Лисс;
Сонымен қатар, облыс білім беру басқармасының мадақтау грамотамасымен келесі жобалар марапатталды:
«Үміткер» номинациясы - Павлодар химиялық-механикалық колледжінің оқытушысы Марал Хурманхан;
«Жаңашыл» номинациясы - Ертіс ауданы №2 ЖОМ информатика пәнінің мұғалімі Ырысты Бакытбековна Жакупова және ИнЕУ жоғары колледжінің оқытушысы Александра Юрьевна Суюнбаева;
«Іздемпаз» номинациясы - Шарбақты ауданы №2 НМ физика және информатика пәнінің мұғалімі Татьяна Владимировна Маринко, Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің оқытушысы Гульмира Кабатаевна Ахметова және Железин ауданы Башмашын НМ психологы Асия Маратовна Амирханова.