Ең үздік интерактивті сабақтар

15.06.2020
Ең үздік интерактивті сабақтар

Интерактивті жабдықтарды білім беру үдерісінде қолдану аясында педагогтардың кәсіби шеберліктерін жетілдіру, белсенді және дарынды оқытушылардың үздік іс-тәжірибелерін жинақтау және тарату, оларға қолдау көрсету мақсатында 2020 жылғы     3 ақпан мен 30 мамыр аралығында Павлодар облысы білім беру басқармасы мен Облыстық ақпараттық технологиялар орталығы облыс ұстаздары арасында «Үздік интерактивті сабақ» атты педагогикалық идеялар интернет-фестивалін өткізді.
Фестивальге жаратылыстану–математикалық пәндер, қоғамдық–гуманитарлық пәндер, бейіндік оқыту, бастауыш сыныптардағы оқыту, сабақтан тыс оқыту, мектепке дейінгі оқыту  бағыттары бойынша жұмыстар қабылданды.
Фестивальге оқу-тәрбие процесіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды белсенді енгізуші облыстың 54 оқытушысы қатысуға ниет білдірді. Бірақ, оның ішінде, Фестивальдің талаптарына сәйкес іріктеу нәтижесінде 17 жұмыс қабылданып, облыстық ақпараттық технологиялар орталығының (http:// pvlcit.kz) сайтында 2 мен 9 маусым аралығында пікірлер қалдыру үшін жарияланды. Фестивальдің қорытындысын шығару барысында сыни пікірлер ескерілді.
Қазылар алқасының шешіміне сәйкес «Жаратылыстану–математикалық пәндер» бағыты бойынша дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің математика пәні мұғалімі Елена Сергеевна Слепнёва 1 орын, Павлодар қаласының №17 ЖОББМ информатика пәні мұғалімі Махаббат Қасенқызы Ибраим,  Май ауданының Малайсары ЖОББМ  биология пәні мұғалімі Ардак Токтасыновна Койлыбаева, Павлодар қаласының № 26 ЖОББМ информатика пәні мұғалімі Марина Николаевна Литвинчук 2 орын иегерлері атанды.
«Бастауыш сыныптардағы оқыту» бағыты бойынша 1 орынды дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Карагоз Шакратовна Идрисова, 3 орынды Шарбақты ауданының Шегірен ЖНББМ бастауыш сынып мұғалімі Назгүл Омаровна Атик иеленді.
«Сабақтан тыс оқыту» бағыты бойынша 1 орынға Павлодар қаласының №7 ЖОББМ информатика пәні мұғалімі Айнур Алтынсариновна Сыздыкова, 3 орынға Шарбақты ауданының Жылыбұлақ ЖНББМ математика пәні мұғалімі Кульжанат Сагидулловна Мухамедярова, Павлодар қаласы № 20 лицей-мектебінің информатика пәні мұғалімі Мадина Оразхановна Жумабекова иеленді.
«Қоғамдық–гуманитарлық пәндер» бағыты бойынша 1 орын иегері - дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі Гульмира Какимовна Игликова, 2 орын – дарынды балаларға арналған № 3 гимназиясының тарих пәні мұғалімі Елена Геннадьевна Таран, 3 орын - Павлодар қаласының № 26 ЖОББМ орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Анна Васильевна Резник.
Сонымен қатар, облыс білім беру басқармасының мадақтау грамотамасымен келесі жобалар марапатталды:
«Үміткер» номинациясы - Железин ауданы №2 ЖОББМ  орыс тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімі Екатерина Николаевна Дерунова.
«Жаңашыл» номинациясы - Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі Елена Егоровна Бознак.
«Іздемпаз» номинациясы - Шарбақты ауданы Шегірен ЖНББМ математика пәнінің мұғалімі Қайдар Аянагул және Аққулы ауданы Тлектес ЖОББМ ағылшын тілі  пәнінің мұғалімі Зарина Файдрахмановна Авазова.
«Шығармашыл» номинациясы - Павлодар қаласы №21 ЖОББМ тарих пәнінің мұғалімі Максим Иванович Шишлов.