Ең белсенді ұстаздар

08.06.2021
Ең белсенді ұстаздар

2019-2020 оқу жылының IV тоқсанынан бастап мектептерде дәстүрлі оқыту қашықтық форматына көшірілді. Нәтижесінде қашықтықтан оқыту форматында 3 миллионнан астам оқушы білім алды. Оқушылар мен мұғалімдер жаңадан жасалған OnlineMektep платформасын қолданды. Платформаны BilimLand компаниясы және "Назарбаев Зияткерлік мектебінің" мамандары әзірледі.
OnlineMektep функционалы кесте құру, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас, синхронды (бейнеконференцбайланыс арқылы) және асинхронды (ыңғайлы уақытта) оқыту мүмкіндігі, үй жұмысы, үлгерімді бақылау, сабақтың, бөлімнің және тоқсанның бағаларын үйлестіру сияқты негізгі функцияларды толығымен қамтыды.
Нәтижесінде 9 ай бойы OnlineMektep интернет-статистиканың қазақстандық рейтингі бойынша ең көп пайдаланылған веб-ресурс болып табылады.
2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша Bilimland компаниясы Onlinemektep платформасын белсенді пайдаланған Павлодар облысының үздік мұғалімдерін марапаттады.

І ОРЫН – «Ы. Алтынсарин атындағы Дарынды  балаларға арналған облыстық Қазақ гимназия-интернаты» математика  пәнінің мұғалімі ХАНАПИЯ  БАХЫТГҮЛ «OnlineMektep: Үздік Ұстаз» мәртебесімен марапатталады. (Жүлдесі: алғыс  хат, “Үздік ұстаз” стелласы  және BilimBook”  планшеті).

ІІ ОРЫН –Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің  №16 жалпы  орта білім  беру мектебінің математика пәнінің мұғалімі ЖУБАЕВА Шолпан Кабдрашитовна  «OnlineMektep: Үздік Ұстаз» мәртебесімен марапатталады. (Жүлдесі: алғыс  хат, “Үздік ұстаз” стелласы ).

ІІІ ОРЫН – «Ы. Алтынсарин атындағы Дарынды  балаларға арналған облыстық Қазақ гимназия-интернаты» математика  пәнінің мұғалімі АМРЕНОВА Айнагуль Сарсембаева «OnlineMektep: Үздік Ұстаз» мәртебесімен марапатталады. (Жүлдесі: алғыс  хат, “Үздік ұстаз” стелласы).

Сонымен бірге  «Bilim Land»  орталығының  ұйымдастыруымен Республикалық  масштабтағы  2021 жылдың 9 сәуірі мен 20 мамыр аралығында өткен "Үздік әдіскер-2021" байқауына қатысқан Павлодар облысының ақпараттық технологиялар орталығының, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің келесі әдіскерлері алғыс хаттармен марапатталды:
Акишпаева Анар Талаповна, Аккасканова Айжан Далелхановна Ақпараттық технологиялар орталығы, Аубакирова Гульбану Болатовна Павлодар қаласының білім бөлімі, Темиргалиева Мадина Жанболатовна Ақсу қаласының білім бөлімі, Павел Тлеу Ақтоғай ауданының білім бөлімі, Ускенбаев Ардак Токтасынович Май ауданының білім бөлімі, Утепова Алмагуль Тулеубековна Павлодар ауданының білім бөлімі, Кашапов Фархат Ринатович Аққулы ауданының білім бөлімі, Майданов Бейбут Канатович Тереңкөл ауданының білім бөлімі, Амренов Сейтахмет Заманбекович Шарбақты ауданының білім бөлімі, Қасымжанова Мадина Қайратқызы Железин ауданының білім бөлімі.

Сондай-ақ, облыс мұғалімдеріне арналған «Onlinemektep платформасын тиімді пайдалану» вебинарын өткізгені үшін  «Ы. Алтынсарин атындағы Дарынды  балаларға арналған облыстық Қазақ гимназия-интернаты» мұғалімі Тусенов Алибек Сембекович Ақпараттық технологиялар орталығының алғыс хатымен марапатталды.