«ROBOSATURN-2021» робототехника бойынша Ашық қалалық Чемпионаты өтті

21.11.2021
«ROBOSATURN-2021» робототехника бойынша Ашық қалалық Чемпионаты өтті

2021 жылғы 19 қарашада Павлодар облысының оқушылар арасында робототехниканы танымал ету мақсатында Ақпарат және қоғамдық даму басқармасының жастар бастамаларын дамыту орталығы, Павлодар облысы білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы және "Maker Space" компаниясының қолдауымен «WEDO 2.0» (7-9 жас) және «SUMO» (10-16 жас) санаттарында робототехникадан «ROBOSATURN-2021» бірінші Ашық қалалық Чемпионаты өтті.

Чемпионатқа 47 команда қатысты. Облыстың қалалары мен аудандарынан ең үздік мектеп оқушылары «SATURN» робототехниканы дамыту федерациясының кубогы үшін күресті. Жас робототехниктер өздерінің бағдарламалау және құрастыру дағдыларын көрсетті. 

Жарыс нәтижесінде «WEDO 2.0» санаты бойынша I орынды Гирин Иван және Ботабай Ерасыл, II орынды Мыцыков Глеб және Ярослав Снежко, III орынды Зигангиров Назар мен Рогожин Мирон алды. 

«SUMO» санатында І орынды Айбекұлы Шахмардан (Павлодар қ. №2 ЖОББМ), II орынды Ерсін Расул ("Decuman" ЖК), III орынды Мақсат Қаратаев (Павлодарское ауылы, №40 ЖОББМ) жеңіп алды.