
Павлодар облысының білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы, ақпараттық технологиялар саласында талантты оқушыларды анықтау, ғылыми-зерттеу іс-әрекетіне ынталандыру, бағдарламалауға оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында облыс білім беру ұйымдарының 5-9 сынып оқушылары арасында бағдарламалау бойынша олимпиада өткізеді.
Олимпиадаға қатысу үшін 2024 жылғы 19 ақпан мен 1 наурыз аралығында cit_disolimp@mail.ru электрондық мекенжайына өтінім жіберу қажет (өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 1 наурыз күні сағат 18.00-де аяқталады).
5-9 сынып оқушыларын бағдарламалау олимпиадасына белсенді қатысуға шақырамыз.
Толық ақпаратты төмендегі сілтеме арқылы ала аласыз https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/documents/details/608433?lang=ru