Алтынсарин атындағы Академиясының өкілі Салтанат Жұмабаева ауылдық және шағын жинақты мектептерді цифрландыру пилоттық жобасы аясында облыстың бірқатар мектептеріне сапар жасады

18.01.2024
Алтынсарин атындағы Академиясының өкілі Салтанат Жұмабаева ауылдық және шағын жинақты мектептерді цифрландыру пилоттық жобасы аясында облыстың бірқатар мектептеріне сапар жасады

Оқу-ағарту Министрлігінің ауылдық және шағын жинақты мектептерді цифрландыру пилоттық жобасы аясында Алтынсарин атындағы Академияның орта білім беру мазмұны Институты директорының орынбасары Салтанат Жұмабаева, облыс білім беру басқармасының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығының қызметкері Нағима Жантурина, облыс білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығының басшылығы Елнар Өтебаев пен Бибігүл Қазтаева Павлодар ауданы мен Ақсу қаласының ауылдық жерлеріндегі тірек және шағын жинақты мектептерде болды. 

Мектептерге бару аясында педагогтарға арналған семинар өткізілді. Семинар барысында бірлескен сыныптардың оқу процесін жоспарлау және оқытудың заманауи әдістерін қолдану мәселелері талқыланды. Семинарда ауыл және шағын жинақты мектептерге цифрлық мүмкіндіктерді енгізу мәселесіне де ерекше назар аударылды. Сонымен қатар педагогтер тірек және шағын жинақты мектептер жағдайында оқу процесін жақсарту үшін заманауи технологияларды қолдану бойынша тәжірибелері және идеяларымен алмасты.