«Біз ұмытпаймыз...» облыстық бейнероликтер конкурсы өз мәресіне жетті

06.05.2020
«Біз ұмытпаймыз...» облыстық бейнероликтер конкурсы өз мәресіне жетті

Ұлы Жеңіске 75 жыл (1941-1945)  аясында білім алушыларға Ұлы Отан Соғысындағы Жеңіс туралы тарихи естелікті сақтау, жастар мен өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру және тарихи сауаттылықты арттыру, Ұлы Отан Соғысында ерлік көрсеткен Қазақстандықтардың істеріне деген құрмет,  ізгілік көрсету, оларды үлгі тұту мақсатында Облыс білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы 2020 жылғы 24 ақпан мен 30 сәуір аралығында «Біз ұмытпаймыз...» облыстық қашықтық бейнероликтер конкурсын өткізді. Конкурсқа Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары, Павлодар, Железин, Шарбақты, Май, Ақтоғай, Успен, Аққулы аудандарының және мамандандырылған мектеп оқушылары белсенді қатысты. Оқушылар қатал әскери уақыттың қиыншылығын өткерген, зұлым соғыста жеңіске жеткен бабаларымызға, ардагерлерімізге сыйластық пен мейрімділікті, өз жанұяларының тарихына және бабаларымыздың жеңісіне деген алғыстарын өздерінің жұмыстарында жеткізуге тырысты. Қазылар алқасына 49 әр түрлі және қызықты  жұмыстар арасынан жеңімпаздарды анықтау қиынға түсті. Бірақ өздерінің креативті идеяларымен және шығармашылық көзқарастарымен 10 бейнероликтердің авторлары ерекше көзге түсті:
I дәрежелі диплом мен бағалы сыйлықтың иегерлері болып Ақтоғай ауданы Қ.Ыдырысов атындағы жалпы білім беретін мектептің 9 сынып оқушысы Алибек Камалиден және де Аққулы ауданының Потанин жалпы орта білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Әнел Жексен танылды.
ІІ дәрежелі дипломға және де бағалы сыйлыққа Павлодар қаласының №21 жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушылары Богдан Картунов мен Данил Криволапов және  Май ауданы Көктөбе жалпы орта білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Асель Абдраманова ие болды.
IІІ дәрежелі дипломмен қоса бағалы сыйлыққа Екібастұз қаласы №18 жалпы орта білім беретін мектебінің 11 сынып оқушысы Ербол Аманов пен Павлодар қаласының №20 лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы Сана Уразалимова лайық деп атанды.
Қазылар алқасының шешімімен 4 жұмыстың  авторлары Ақтоғай ауданының Махмет Қайырбаев атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Нурболат Боранбай; Шарбақты ауданы №2 негізгі жалпы білім беру мектебінің 9 сынып оқушылары Вероника Хорошун, Регина Пицына, Милана Слесаренко; Екібастұз қаласының №13 жалпы орта білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Алина Кутушева; Павлодар қаласы № 13 жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Павел Фатьянов «Үміткер» номинациясына иеленіп, білім беру басқармасының грамоталарымен марапатталады.