«Желтоқсан – тәуелсіздік шежіресі» облыстық қашықтық бейнероликтер конкурсы өз мәресіне жетті

11.12.2020
«Желтоқсан – тәуелсіздік шежіресі» облыстық қашықтық бейнероликтер конкурсы өз мәресіне жетті

Жас ұрпаққа 16 желтоқсан-Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру, ата – бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу, тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстыру мақсатында Облыс білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы 2020 жылғы 4 қараша мен 10 желтоқсан аралығында «Желтоқсан – тәуелсіздік шежіресі» облыстық қашықтық бейнероликтер конкурсын өткізді. Конкурсқа Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары, Павлодар, Железин, Шарбақты, Май, Баянауыл, Успен, аудандарының жалпы орта білім беру ұйымдарының бастауыш сынып оқушылары мен мектепке дейінгі ұйымдарының тәрбиеленушілері белсенді қатысты. Оқушылар мен тәрбиеленушілер тәуелсіздік жолындағы ата-бабаларымыздың, аға ұрпақтың заманның, уақыттың қиыншылығына қарамастан, елімізді, жерімізді еркіндікте, азаттықта көруді аңсап, соған қол жеткізу жолындағы ерліктерін паш етіп, отансүйгіш, тәуелсіздік маңыздылығын жете түсінетін, өз елінің рәміздерін, тарихын құрметтейтін өскелең ұрпақ екендерін өздерінің жұмыстарында жеткізуге тырысты. Қазылар алқасына 107 әр түрлі және қызықты жұмыстар арасынан жеңімпаздарды анықтау қиынға түсті. Бірақ өздерінің креативті идеяларымен және шығармашылық көзқарастарымен 18 бейнероликтердің авторлары ерекше көзге түсті:

I дәрежелі диплом мен бағалы сыйлықтың иегерлері болып Баянауыл ауданының Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының мектепалды даярлау тобының тәрбиеленушісі Тамира Жанат, Павлодар қаласының № 16 лицей-мектебінің 2 сынып оқушылары Андрей Русских пен Диана Королькова, Павлодар қаласының № 19 ЖББОМ 4 сынып оқушысы Ерәли Жұмабек, Дарынды балаларға арналған мамандандырылған № 1 лицей-мектебінің 3 сынып оқушысы Диана Алькеева, Дарынды балаларға арналған № 3 гимназиясының 2 сынып оқушысы Томирис Сапарова, Павлодар қаласының № 34 ЖББОМ 3 сынып оқушысы Алуа Бектурова танылды.

ІІ дәрежелі дипломға және де бағалы сыйлыққа Павлодар қаласының № 96 сәбилер бақшасы, «Радуга» үйлесімді даму орталығының мектепалды «Б» тобының тәрбиеленушісі Саид Казукаев, Дарынды балаларға арналған № 3 гимназиясының 2 сынып оқушысы Нияра Рахышова, Дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 1 сынып оқушысы Аделия Кайрленова, Шарбақты ауданының Орловка ЖББОМ 3 сынып оқушысы Даниил Пономаренко, Павлодар қаласының № 16 лицей-мектебінің 3 сынып оқушысы Тамаз Мухтар, Павлодар қаласының № 16 лицей-мектебінің 3 сынып оқушысы Арина Беспрозванная ие болды.

IІІ дәрежелі дипломмен қоса бағалы сыйлыққа Павлодар қаласының № 24 балабақшасының даярлық тобының тәрбиеленушісі Максим Степашко, Павлодар қаласының № 16 лицей-мектебінің 2 сынып оқушысы Александра Давыдова, Шарбақты ауданының Галкин ЖББОМ 4 сынып оқушысы Назира Нурсеитова, Дарынды балаларға арналған «Зерде» мамандандырылған ЖББМ 2 сынып оқушысы Назым Мухамед, Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының 4 сынып оқушысы Айзере Уахит, Екібастұз қаласының № 12 ЖББОМ 4 сынып оқушысы Мунира Ахметжанова лайық деп танылды.
Қазылар алқасының шешімімен 28 жұмыстың авторлары «Үміткер» номинациясына иеленіп, орталық басшысының грамоталарымен марапатталады: Павлодар қаласының № 16 лицей-мектебінің 2 сынып оқушылары Ратмир Бердибеков, Ангелина Игнатьева; Дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 1 сынып оқушылары Айман Қадархан, Әкімхан Мэлс, Атымтай Ыдырыс, Нұрәлі Ықлас; Дарынды балаларға арналған № 3 гимназиясының 1 сынып оқушылары Айзере Мусина, Айнель Байзуллина; Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының 1 сынып оқушысы Ансар Маканов, 2 сынып оқушылары Нұрали Құсман, Асаналі Құсман, Кәусар Шарафат; Успен ауданының Белоусов ЖОББМ 1 сынып оқушысы Аян Қайнар; Павлодар қаласының № 19 ЖББОМ 3 сынып оқушысы Айбар Курмангазин, 4 сынып оқушысы Алмаз Жамбербаев; Павлодар қаласының № 34 ЖББОМ 1 сынып оқушылары Адема Каирболатова, Ханифа Темиртай, 2 сынып оқушылары Муслим Абдрахманов, Эрнес Мемедлаев, Карина Рублева, Максим Лихачев, 3 сынып оқушысы Елизавета Лысенко; Павлодар қаласының №37 ЖББОМ 3 сынып оқушысы Сабина Орманбек; Железин ауданының Славяновка ЖББНМ 3 сынып оқушысы Саяжан Ахметова; Железин ауданының № 2 ЖББОМ 2 сынып оқушысы Арсений Масягин, 4 сынып оқушысы Одэлия Заирова, 3 сынып оқушылары Аян Кайырбек, Турар Кабдолла, Татьяна Смирнова, 1 сынып оқушысы Алиана Кутлубулатова.