
@beginit.indrive.kz - InDrive Халықаралық IT -компаниясының жобасы @astana.hub-пен @iqanat.kz ынтымақтастықта іске асырылған. 2023 жылы бағдарламаға Қазақстанның алты өңірінен (Қостанай, Павлодар, Өскемен, Тараз, Қарағанды және Орал) ауыл мектептерінің 10-сынып оқушылары қатысты.
Барлық қатысушылар көшбасшылық және жобалық жұмыс бойынша қарқынды тегін курстан өтті, оның шеңберінде әлеуметтік жобалар құрылды. Осы жобалардың ішіндегі ең жақсысы іске асыру үшін қаржыландырылды. Еліміздің 6 облысынан 200 қатысушының ішінен Павлодар облысынан үш көрнекті оқушы жеңімпаз атанып, Алматы қаласындағы InDrive-тен inVision U инновациялық университетінде оқуға толық грант алғанын мақтанышпен хабарлаймыз, құтты болсын!
Жеңімпаздар:
Нұрасыл Ахметсапар, Малайсары ЖОББМ, Малайсары ауылы, Май ауданы;
Дарина Шмальцель, Сосновска ЖОБММ, Сосновка ауылы, Шарбақты ауданы;
Рената Закирова, № 25 қазақ қыздар гимназиясы, Екібастұз қаласы.