
Қараша айының 5-6 күндері Астана қаласында робототехрикадан Kazrobosport-2023 жарысының ақтық республикалық кезеңі өтті. Жыл бойы әр облыстан 20 іріктеу кезеңі өткізіліп ақтық сыңға 100 жуық оқушы 4 санат бойынша бақ сынады.
Нәтижесінде ақсүйек санаты бойынша Пшенбай Әбілмансұр мен Темербек Марьям 2 орын алды (Ы.Алтынсарин атындағы қазақ гимназия-интернаты).
Асық ату санаты бойынша Балтабай Жаһангир 3 орынға ие болды (Ы.Алтынсарин атындағы қазақ гимназия-интернаты).
Сумо санаты бойынша Қастаев Қазбек пен Баян Қасиет 2 орын алды (Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебі).
Жарыс қорытындысы бойынша Павлодар облысы жалпыкомандалық 1 орынға ие болды.