
""ҚазРоботикс" Қазақстандық білім беру және спорттық робототехника федерациясы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің бастамасымен облыс білім басқармасының "Павлодар ақпараттық технологиялар орталығы" КММ қолдауымен Түсті металлургия жоғары колледжінің базасында 2024 жылдың 5 маусымында "KazRoboSport" робототехника бойынша чемпионаттың іріктеу кезеңі өткізілді.
І орынды «Фиксики» командасы Савоник Даниил, Әсетова Малика № 8 мектеп оқушылары иеленді.
Чемпионаттың жүлдегерлері «IT-HUB» командасы Осипов Сергей, Мансуров Алимхан ІІ орын алған Ақпараттық технологиялар колледжінің студенттері; «Болашақ» командасы Кононов Игнат, Туркин Егор, ІІІ орын алған Шамкенов атындағы МЛ оқушылары.
Іріктеу кезеңінің барлық жүлдегерлерін шын жүректен құттықтаймыз! Чемпионат финалында (республикалық кезең) Савоник Даниилге мен Әсетова Маликаға сәттілік тілейміз!