«Интернет–фестиваль - 2024» үздіктері анықталды

23.05.2024
«Интернет–фестиваль - 2024» үздіктері анықталды

Интерактивті  білім беру әдістерін қолданатын  педагогтердің кәсіби шеберліктерін жетілдіру, белсенді және дарынды мұғалімдердің үздік  іс-тәжірибелерін жинақтау және тарату, оларға қолдау көрсету  мақсатында  2024 жылғы 18 наурыз бен 24 мамыр аралығында Павлодар облысы білім беру басқармасы және облыстық  ақпараттық технологиялар орталығы бірлесіп «Үздік интерактивті сабақ» педагогикалық идеялар Интернет-фестивалін өткізді.

Фестивальге жаратылыстану–математикалық пәндер,  қоғамдық–гуманитарлық пәндер, бастауыш сыныптардағы оқыту, сабақтан тыс оқыту, кәсіптік оқыту бағыттары бойынша жұмыстар қабылданды.

Фестивальге оқу-тәрбие процесіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды белсенді енгізуші облыстың 110 педагогтері қатысуға ниет білдірді. Фестивальдің талаптарына сәйкес іріктеу нәтижесінде ақтық кезеңге (3 кезең) 59 жұмыс жіберілді.

Қазылар алқасы мүшелерінің шешімімен «Жаратылыстану–математикалық пәндер»  бағыты бойынша 1 орынды Павлодар қ. №43 ЖОББМ физика мен математика пәнінің мұғалімі Алена Ивановна Баланюк және Павлодар қ. Ж.Ташенев ат. ЖОББМ физика пәнінің мұғалімі Айдана Қанатқызы Манат; 2 орынды – Павлодар  химико-механикалық колледжінің информатика пәнінің мұғалімі Акмаржан Тлемисовна Майдисарова; 3 орынды – Павлодар қ. М.Жүсіп ат. ЖОББМ биология пәнінің мұғалімі Айжан Женисовна Отарова.

«Қоғамдық–гуманитарлық пәндер»бағыты бойынша1 орынды– Павлодар қ.  №2 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Асем Муратовна Жуманова;
2 орынды ИнЕУ жоғары колледжінің педагогика мен психологияоқытушысы Айнур Шаймуратовна Досанова; 3 орынды – Павлодар  химико-механикалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Ирина Евгеньевна Науменко және Екібастұз қ. №35 МГ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Елена Азатовна Полякова.

«Бастауыш сыныптардағы оқыту»  бағыты бойынша 1 орынды – Павлодар қ.  М.Ауэзов ат. ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Светлана Николаевна Бебель;
2 орынды Павлодар қ. М.Жүсіп ат. ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Нурбике Турганбаевна Шаханова; 3 орынды – Екібастұз қ. №6 арнайы мектеп интератының бастауыш сынып мұғалімі Сандугаш Кудайбергеновна Махметова.

«Сабақтан тыс оқыту» бағыты бойынша2 орынды – Павлодар қ. №25 ЖОББМ информатика пәнінің мұғалімі Айгерим Суиндыковна Шакирова.

«Кәсіптік оқыту»  бағыты бойынша 1 орынды – Павлодар медициналық жоғары колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Сауле Кайратовна Мутапова; 2 орынды Павлодар машинажасау колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Дина Даулетовна Айкимбаева; 3 орынды – Павлодар машинажасау колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Канат Маратович Куспеков.

Сонымен қатар, Облыстық ақпараттық технологиялар орталығының мадақтау грамоталарымен келесі жобалар марапатталды:

«Үміткер» номинациясы –Тереңкөл  ауданының А.Текенов ат. №2 ЖОББМ информатика пәнінің мұғалімі Алия Жумабаевна Ахметова; ИнЕУ жоғары колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Александра Юрьевна Суюнбаева; ИнЕУ жоғары колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Маржан Болатовна Мусабаева.

«Іздемпаз» номинациясы – Павлодар ауданының Мичурин ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі Сандугаш Ерлановна Нурпеисова; №3 дарынды балаларға арналған гимназияның орыс тілі пәнінің мұғалімі Инна Федоровна Назарова; Екібастұз қ. №6 арнайы мектеп интератының мұғалім-дефектолог Алия Айтбаевна Сыздыкова.

«Жаңашыл» номинациясы - Павлодар қ. №17 ЖОББМ саралап оқытатын бейіндік мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Махаббат Қасенқызы Ибраим; Павлодар қ. М.Ауезов ат. ЖОББМ математика пәнінің мұғалімі Ризагуль Жумабаевна Садыкова; Ақсу қ. Ы.Алтынсарин ат. ЖОББМ биология пәнінің мұғалімі Ляйля Кулумхановна Кайсина.

«Шығармашыл» номинациясы - Ақсу қ. №24 сәбилер бақшасының педагог – психологы Дана Юрьевна Нагасимова; Тереңкөл ауданының .Текенов ат. №2 ЖОББМ тарих пәнінің мұғалімі Марат Кенисович Батпаев; Павлодар қ. "Лингва" жеке меншік мектебінің денешынықтыру мұғалімі Адиль Алыбекулы Досымханов.

* Дипломдар, грамоталар мен сертификаттарды Павлодар қ., Каирбаев көш., 32/3, 113 каб. мекенжайы бойынша алып кетуге болады (кіру Астана көешесінен).

«Үздік интерактивті сабақ» атты педагогикалық идеялар Интернет-фестивалінің қазылар алқасы отырысының хаттамасы