ҰББДҚ-ын толтыру бойынша оқыту онлайн семинары

26.08.2021
ҰББДҚ-ын толтыру бойынша оқыту онлайн семинары

2021 жылдың 26 тамызында Павлодар облысының Ақпараттық технологиялар орталығы, білім беру бөлімдері мамандарының қатысуымен, Ұлттық білім беру деректер қорын толтыру бойынша онлайн оқыту семинарын өткізді.

Семинарды өткізу барысында жаңа ұйымдар құру, пайдаланушыларды тіркеу, пайдаланушыларды белсендіру және белсенсіз ету, білім беру ұйымының паспорттарын бақылау, білім беру ұйымының тіркеу мәліметтерін түзету, контингентті қабылдау және шығару, деректерді өзектендіру, сыныптан сыныпқа ауыстыру, жазғы демалыс туралы мәліметтер, сондай-ақ түлектердің көрсеткіштерін толтыру мәселелері қаралды. Қойылған барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.

Сонымен қатар, білім беру бөлімдерінің мамандары ҰБДҚ мәселелерінде облыс ұйымдарына көмек көрсету үшін «CIT.NOBD.bot» Telegram-ботының құрылғаны туралы хабардар етілді. Бұл бот http://t.me/CIT_NOBD_bot сілтемесі бойынша қолжетімді.