ҰББДҚ-ын толтыру бойынша оқыту онлайн семинары

28.05.2020
ҰББДҚ-ын толтыру бойынша оқыту онлайн семинары

2020 жылдың 28 мамырында ҚР БҒМ жанындағы «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ-мен бірлесе Ақпараттық технологиялар орталығы,  Павлодар облысы білім беру басқармасының мамандарының, білім бөлімдерінің және жалпы білім беру мектептерінің өкілдерінің қатысуымен, Ұлттық білім беру деректер қорын толтыру бойынша онлайн оқыту семинарларын өткізді.
Семинар барысында «Үйде компьютердің/өзге құрылғылардың болуы», «Үйде Интернетке кіру мүмкіндігінің болуы», «Оқулықтар саны, дана», «Қосымша және көркем әдебиеттер саны», контингентті қабылдау және шығару, деректер өзектілігі, сыныптан сыныпқа көшіру туралы, «Жарыстарға, сайыстарға және олимпиадаларға қатысуы», «Жазғы демалыс туралы мәлімет», сондай-ақ түлектердің көрсеткіштерін толтыру бойынша мәселелер қаралды. Барлық қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.