Робототехника және бағдарламалау бойынша «R:ED FEST» ашық халықаралық фестивалінің облыстық іріктеу кезеңі

04.05.2024
Робототехника және бағдарламалау бойынша «R:ED FEST» ашық халықаралық фестивалінің облыстық іріктеу кезеңі

«Инженерлік білім беруді дамыту» қоғамдық қоры «Қазақстан халқына» қоғамдық қорымен және «Арман инжиниринг» ЖШС компаниясымен бірлесіп ауылдық мектептер мен моноқалалар мектептерінде инженерлік білім беруді дамыту жөніндегі «Болашақ инженерлер» ұлттық жобасын іске асыруда.

Жобаны іске асыру шеңберінде 2023 жылы серіктестер бірлесіп, Павлодар облысының 24 білім беру мекемесін қазақстандық өндірістің заманауи робототехникалық конструкторларымен жарақтандыруды қаржыландырды, робототехника бойынша сыныптарға жөндеу жұмыстарын жүргізді, педагогикалық құрамды даярлауды жүзеге асырды.

 

Оқу процесін іске асыру шеңберінде, мектептердегі үйірмелер жұмысының сапасын бақылау және инженерлік пәндерді насихаттау мақсатында, 2024 жылғы 3 мамырда «Инженерлік білім беруді дамыту» қоры және «Арман Инжиниринг» ЖШС М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының базасында «Болашақ инженерлер» жобасына қатысқан мекемелер оқушылары үшін, «R:ED FEST» робототехника және бағдарламалау бойынша ашық халықаралық фестивальдің облыстық іріктеу кезеңін өткізді.

Фестивальге 33 команда қатысты.

Екібастұз қаласынан-45 оқушы, Баянауыл ауданынан – 7, Шарбақты ауданынан – 7, Павлодар ауданынан – 6, Май ауданынан – 6, Ертіс ауданынан – 5, Аққулы ауданынан – 4, Железин ауданынан – 2, Тереңкөл ауданынан – 2, Ақсу қаласынан – 1, Ақтоғай ауданынан – 1.

Фестиваль нәтижесі бойынша «Движение по линии» бағытында        

1 орын:  

кіші топ - команда «Zetta»,  Екібастұз қаласының А. Құнанбаев ат. №2 ЖОМ;

орта топ -  команда «RE_BORD_LINE_3», Екібастұз қаласының №16 ЖОМ;

жоғары топ – команда «Лидер 1»,  Баянауыл ауданы Шадыра ЖОМ.

2 орын:  

кіші топ - команда «Бірлік», Екібастұз қаласының № 25 қазақ қыздар гимназиясы;

орта топ -  команда «Кайдзю»,  Екібастұз қаласының А. Құнанбаев ат. №2 ЖОМ.

жоғары топ – команда «Solor Bot 2»,  Екібастұз қаласының №5 ЖОМ.

3 орын:   

кіші топ - команда «RE_BORD_LINE_1», Екібастұз қаласының №16 ЖОМ;

орта топ -  команда «Роботайм», Ертіс ауданының Ертіс № 3 ЖОМ.

 «SUMO»   бағытында     

1 орын:  

кіші топ - команда «Zetta», Екібастұз қаласының А. Құнанбаев ат. №2 ЖОМ;

орта топ -  команда «Атом», Аққулы ауданының Ямышев ЖОМ;

жоғары топ – команда «Жас роботшылар», Баянауыл ауданының К. Кеменгеров ат. ЖОМ.

2 орын:  

кіші топ - команда «RE_BORD_LINE_1», Екібастұз қаласының №16 ЖОМ;

орта топ -  команда «Я робот», Павлодар ауданының Чернояр ЖОМ;

жоғары топ – команда «Кайдзю»,  Екібастұз қаласының А. Құнанбаев ат. №2 ЖОМ;

3 орын:  

кіші топ - команда «RE_BORD_LINE_2», Екібастұз қаласының №16 ЖОМ;

орта топ -  команда «Robox», Май ауданының Көктөбе ЖОМ.

«Творческая категория» бағытында

1 орын:  

кіші топ - команда «Pobeda», Май ауданының Көктөбе ЖОМ;

орта топ -  команда «Кайдзю», Екібастұз қаласының А. Құнанбаев ат. №2 ЖОМ.

2 орын:  

орта топ -  команда «Робозаврики», Екібастұз қаласының №28 ЖОМ.

3 орын:  

орта топ -  команда «Cosmo», Железин ауданының №2 ЖОМ.