БІЗГЕ ЕРЛІКТЕР ТУРАЛЫ АЙТЫП БЕРДІ

06.05.2021
БІЗГЕ ЕРЛІКТЕР ТУРАЛЫ АЙТЫП БЕРДІ

Ақпараттық технологиялар орталығы 2021 жылғы 01-30 сәуір аралығында Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орайластырылған, Жеңістің тарихи жадын сақтау, жастар мен өскелең ұрпаққа тарихи сауаттылық пен патриоттық тәрбие беру мақсатында "Бізге ерлік туралы айтып бер" атты қашықтықтан бейнеролик байқауын өткізді.
Аталған конкурсқа Павлодар, Ақсу қалаларының, Баянауыл, Железин, Ертіс, Май, Успен, Шарбақты аудандарының, мамандандырылған мектептерінің 9-11 сынып оқушылары, колледждердің 1-4 курс студенттері қатысты. Қазылар алқасына 37 әр түрлі және қызықты  жұмыстар арасынан жеңімпаздарды анықтау қиынға түсті.
Өткенін білмеген адам, болашағын бағалау мүмкін емес. Сондықтан жастарымыз, сұрапыл  зұлым соғыстың  зардабын шегіп, жеңіске жеткен ата-бабаларымыздың  елең ерлігін әрқашан бағалап, үлкен құрмет көрсетуі керек. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтардың рухына бас иіп, олардың ерлігінің  елдік мәні туралы ойлану, пайымдау – кейінгі буынның азаматтық парызы.    
Ұлы жеңістің жетістіктерін жаңғырту,тарихи деректерді болашақ ұрпаққа дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған байқауда 12 бейнеролик, өзінің тың ойлары мен
шығармашылық тапқырлықтарымен ерекше көзге түсіп, марапаттауға лайық деп танылды.
I дәрежелі диплом мен бағалы сыйлықтың иегерлері:
Ақсу қаласы Үштерек ауылының орта мектебінің 9-сынып оқушысы Сейтбаталов Тимур және  Баянауыл ауданы Ш. Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Қанат Серікгүл марапатталады.
IІ дәрежелі диплом мен бағалы сыйлықтың иегерлері:
Шарбақты ауданы Орловка жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Белый Кирилл және Баянауыл ауданы №2 жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Алмат Айсана марапатталады.
ІІI дәрежелі диплом мен бағалы сыйлықтың иегерлері:
Успен аграрлық-техникалық колледжінің 1-курс студенті Ефремов Игорь және  Ертіс ауданы № 1 жалпы орта білім беру мектебінің 1 -сынып оқушысы Пипник Анастасия марапатталады.
Қазылар алқасының шешімімен 5 жұмыстың  авторлары Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 3-курс студенті Жумажанова Ажар; мемлекеттік тілде оқытатын дарынды балаларға арналған «Зерде» мамандандырылған жалпы білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Шарапиденова Дильназ; Шарбақты ауданы Малиновка негізгі жалпы білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Кривова Виктория; Успен ауданы Белоусов жалпы орта білім беру мектебінің 9-сынып оқушысы Данко Данил; Ақсу қаласы Үштерек ауылының орта мектебінің 9-сынып оқушысы Жексенбай Назерке «Үміткер» номинациясына иеленіп, білім беру басқармасының грамоталарымен марапатталады.
«Ерекшелік» номинациясы  бойынша мемлекеттік тілде оқытатын дарынды балаларға арналған «Зерде» мамандандырылған жалпы білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Қайыр Қарақат марапатталды.