2023 жылғы 15 наурыз күні Павлодар облысы білім беру басқармасының «Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы» КММ-сі, «Павлодар облыстық ақпараттық технологиялар орталығы» КММ-сі және Абай облысы білім басқармасының «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ-сі бірлесіп «Білім беруде STEAM бағытын дамыту» атты тақырыбында аймақаралық ғылыми-практикалық онлайн конференциясының пленарлық отырысын (Zoom платформасы арқылы) өткізді. Пленарлық отырысының мәжілісі Ақпараттық технологиялар колледжінің IT HUB Jylyjai ғимартында өтті.
Конференцияны ұйымдастырудың басты мақсаты – ЅТЕАМ білім беру ортасын қалыптастыру. Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда педагогтардың озық тәжірибелерімен бөлісу, жемісті диалог құру. Конференция қатысушылары: Абай және Павлодар облыстары білім беру ұйымдарының педагогтері, студенттері мен педагог-магистранттары. Іс-шара аясында ғылыми мақалалар жинағы әзірленіп жарияланады, қатысушыларға сертификаттар беріледі.