Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланушылардың үздіктері

24.11.2022
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланушылардың үздіктері

2022 жылғы 21-23 қараша аралығында облыс педагогтары арасында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласына деген ғылыми және тәжірибелік қызығушылықтарын дамыту, инновациялық және шығармашылық ақпараттық идеяларды, талантты мұғалімдері қолдау мақсатында білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы «Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» ERTIS DIGITAL USTAZ облыстық қашықтық конкурсының екінші ақтық кезеңін өткізді.

Облыстық конкурстың екінші ақтық кезеңіне өткен 51 жұмыстың авторы 5 бағыт бойынша бақ сынады. Қазылар алқасының құрамында  Павлодар педагогикалық университетінің «Информатика» білім беру бағдарламасының жетекшісі, Павлодар облысы білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскері және Ақпараттық технологиялар орталығының мамандары болды.

Конкурс қорытындысы бойынша  1 қатысушы «Бас жүлде» иегері, 15 қатысушы жеңімпаз атанды, 9  қатысушы Білім беру басқармасының мадақтамасымен марапатталды.

Бас жүлдеге Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының мұғалімі  Айбат Мейрамбекович Ералин лайық деп танылды.

І дәрежелі дипломмен Жансая Абдихажимкызы Ильясова, Железин ауданының №2 ЖОМ; Жулдыз Нурлановна Нуртазина, Аққулы ауданының Шарбақты ЖОМ; Кымбат Аманжоловна Кожагельдинова, Инновациялық Еуразия Университетінің жоғары колледжі; Гульден Муратовна Жунусова, Людмила Александровна Сарсекенова, Мадениет Каркенович Калтаев, Екібастұз қаласының №17 ЖОМ; Светлана Александровна Олейник, Ақпараттық технологиялар колледжі марапатталады.

ІІ дәрежелі дипломды Нургуль Ахметбековна Жангазина, Павлодар қаласының Бауыржан Момышұлы атындағы ЖОМ; Айбек Камиль, Павлодар қаласының №35 ЖОМ;  Ардак Женисовна Кабасова,       Павлодар қаласының        №43 ЖОМ; Гульмира Муратовна Дуйсембина,        Екібастұз қаласының           №17 ЖОМ;  Махаббат Кабаровна Жапарханова,  Павлодар қаласының №27 ЖОМ иеленді.

ІІІ дәрежелі дипломға Алия Жумабаевна Ахметова, Тереңкөл ауданының А.Текенов атындағы № 2 ЖОМ; Айжан Зикеновна Бакыбаева, Павлодар қаласының Кенжекөл ЖОМ; Салтанат Машкеновна Бектурова   Екібастұз қаласының Абай Құнанбаев атындағы №2 ЖОМ; Жаныл Кагаровна Кабышева, Павлодар қаласының №2 ЖОМ; Даметкен Жанкабаевна Акшамбаева, Екібастұз қаласының С.Торайғыров атындағы №22 гимназия-мектебі ие болды.

 

 

Номинациялар бойынша Білім беру басқармасының мадақтамасымен келесі педагогтар марапатталады:

«Шығармашыл» номинациясы

Сауле Асаиновна Шарипова, Железин ауданының № 2 ЖОМ;

Асия Джамбулатовна Азимбаева,   Павлодар қаласының Әлихан Бөкейханов атындағы №20 лицей-мектебі.

«Іздемпаз» номинациясы

Татьяна Викторовна Богомол, Железин ауданының № 1 ЖОМ;

Жанагуль Сатбековна Шакенова, Павлодар қаласының №26 ЖОМ.

«Жаңашыл» номинациясы

Сандугаш Советовна Бикенова, Май ауданының Саты НОМ;

Кульбаршын Магауовна Масугутова, Май ауданының А. Иманов атындағы ЖОББ лицей-мектебі.

«Ерекшелік» номинациясы

Каныш Айтбаевич Саденов, Ризагуль Жилкибаевна Саденова, Павлодар қаласының Мәшһүр Жүсіп атындағы ЖОМ, Кенжекөл ЖОМ; Евгения Алексеевна Сеник, Ертіс ауданының №1 Ертіс ЖОМ; Айым Муратовна Шайхимова, Жас дарын мамандандырылған мектеп-лицейі.

Конкурс жүлдегерлері мен жеңімпаздары білім беру басқармасының Дипломдарымен және құнды сыйлықтармен марапатталды.