Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланушылардың үздіктері

30.11.2021
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланушылардың үздіктері

2021 жылғы 22-29 қараша күні облыс мұғалімдері арасында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласына деген ғылыми және тәжірибелік қызығушылықтарын дамыту, инновациялық және шығармашылық ақпараттық идеяларды, талантты мұғалімдері қолдау мақсатында білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы «Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» облыстық қашықтық конкурсының екінші кезеңін өткізді.

Облыстық конкурсқа ұсынылған 39 жобаның (Павлодар қаласынан 5 жоба, Ақсу қаласынан - 1, Екібастұз қаласынан - 2, Баянауыл ауданынан – 2, Железин ауданынан - 5, Ертіс ауданынан – 1, Май ауданынан - 2, Павлодар ауданынан -1, Аққулы ауданынан - 1, Тереңкөл ауданынан – 1, Успен ауданы – 1, мамандандырылған мектептерден – 6, ТжКББ - 11 ) ішінен 24 жұмыс екінші кезеңге өтті.

Конкурс 3 бағыт бойынша өткізілді. Конкурс қорытындысы бойынша 9 жобаның авторлары жеңімпаз атанды.

І дәрежелі диплом иегерлері Павлодар жоғары басқару колледжінің педагогы Ирина Ивановна Торопова, Успен ауданының Белоусов ЖОМ мұғалімі Марат Омарович Жакупов пен Павлодар қаласының № 40 ЖОМмұғалімі Максим Иванович Шишлов, Май ауданының Көктөбе ЖОМ мұғалімдері Динара Мерболатовна Бейсекова мен Кымбат Ахметоллаевна Курманова.

ІІ дәрежелі дипломды Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының мұғалімі Даметкен Камариденовна Кенжебаева, Дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының мұғалімі Эльмира Турагуловна Абылгазина, Тереңкөл ауданының Октябрьск ЖОМ мұғалімдері Вячеслав Вячеславович Иванов, Татьяна Сергеевна Штерц, Светлана Винеаминовна Мауытова иеленді.

ІІІ дәрежелі дипломға Павлодар жоғары басқару колледжінің педагогы Лариса Геннадьевна Язенко, Дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының мұғалімдері Инна Федоровна Назарова мен Ринат Жумабекович Сыздыков, «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің мұғалімі Айдар Абылаевич Шайхимов ие болды.

Конкурс жүлдегерлері мен жеңімпаздары білім беру басқармасының Дипломдарымен және құнды сыйлықтармен марапатталды.