«The Best Mobile App – 2020» облыстық қашықтық мобильді қосымшалар конкурсы өз мәресіне жетті

20.12.2020
«The Best Mobile App – 2020» облыстық қашықтық мобильді қосымшалар конкурсы өз мәресіне жетті

Павлодар облысы білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы бағдарламалық қамтамасыздандыруды әзірлеу саласында инновациялық технологиялардың рөлін арттыру, мобильді платформалардың қосымшаларын бағдарламалау және дизайн саласында оқушылардың білімі мен қабілеттілік деңгейін арттыру мақсатында «The Best Mobile App – 2020» облыстық мобильді қосымшалар конкурсын ұйымдастырды.
Конкурсқа жалпы білім беру, мамандандырылған білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары қатысты.
Облыстық конкурсқа барлығы 10 жұмыс ұсынылды. Қазылар алқасының бағалау критерийлеріне сәйкес жұмыстарды қарастырып, 6 жұмыс авторын жеңімпаз деп таныды.
I дәрежелі диплом иегерлері дарынды балаларға арналған №1 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы Егор Филимонов және  Успен ауданының Белоусов ЖОББМ 8 сынып оқушысы Зарема Мухамедьярова атанды.
II дәрежелі диплом иегерлері: «Зерде» мамандандырылған мектебінің 9 сынып оқушылары Анель  Рамазан мен Дана Темирова, Успен ауданының Белоусов ЖОББМ 9 сынып оқушысы Дархан Сутжанов.
III дәржелі дипломға Павлодар қаласының № 9 ЖОББМГ  8 сынып оқушысы Никита  Алейник  және Май ауданының Қазақстан ЖОББМ 8 сынып оқушысы Дильназ Нуртаева ие  болды.
Жеңімпаздарды  дайындағандары үшін жетекшілеріне алғыс білдіреміз және барлық қатысушыларға шығармашылық табыс тілейміз.