Биология сабағында электронды білім беру ресурстарын қолдану

19.02.2020
Биология сабағында электронды білім беру ресурстарын қолдану

Бүгінгі күні мұғалімге қолжетімді ақпараттық технологиялар құралдарының үлкен жиынтығы бар. Осындай оқыту құралдарын сабақта пайдалану туралы Железин ауданы Михайлов ЖОББМ биология және химия мұғалімі Лариса Николаевна Гайдар айтып, өз тәжірибесімен бөлісті.
Лариса Николаевна онлайн режимінде, облыс мұғалімдерінің назарына биология сабақтарында қолдануға болатын LearningApps түрлі интерактивті тапсырмалар, интерактивті электрондық  плакаттар, виртуалды зертханалар, 3D-модельдер және тағы басқа ең тиімді сандық және электрондық  ресурстарды ұсынды.
Қазіргі заманғы оқу процесіне  өзін-өзі дамыту, тұлғаның белсенділігі негізінде құрылған оқытудың жаңа әдістері мен заманауи ақпараттық технологиялар енгізілуде; бұл технологиялар алынған білімді іс жүзінде қолдануға бағытталған; технологияларды қолдану басты құзыреттілікті барынша тиімді дамытуға мүмкіндік береді; технологиялар ынтымақтастықта жұмыс істеуге үйретеді; оқушы тұлғасының шығармашылық әлеуетін ашуға, дамытуға, іске асыруға мүмкіндік береді.
Вебинардың жазбасын келесі сілтеме бойынша көре аласыз https://www.youtube.com/watch?v=oZD0tnXca3g