
«Білім берудегі ақпараттық коммуникациялық технологиялар» облыстық конкурсына білім беру ұйымдарының мұғалімдерінен 3 бағыт бойынша 63 өтініш қабылданып, конкурс критерийлеріне сәйкес келетін 41 жоба II (ақтық) кезеңге өтті.
І кезеңнің нәтижелері Облыстық білім беру басқармасының (https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu?lang=kk) және ОАТО (https://pvlcit.edu.kz/ ) сайттарда жарияланды.
ІІ (ақтық) кезең 2024 жылғы 11 қараша күні «Алтын сақа» шығармашылық инновациялық орталығының базасында (С. Нурмагамбетов көшесі, 134.) өткізіледі.
Тіркеу: 9.00 – 9.30
Басталуы: 10.00