«ҮЗДІК IT ҰСТАЗ»

24.05.2024
«ҮЗДІК IT ҰСТАЗ»

2024 жылғы 24 мамырда  «Спорттық бағдарламалау федерациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «Павлодар облыстық ақпараттық технологиялар орталығы» КММ бірлесіп ұйымдастырған «ҮЗДІК IT ҰСТАЗ» облыстық турнирінің қорытынды кезеңі өтті. Аталған турнирге Павлодар, Екібастұз қалаларының және Успен ауданының мұғалімдері қатысты.

«ҮЗДІК IT ҰСТАЗ» атағы турнирдің ең жоғары балын жинаған Павлодар қаласының С.Торайғыров атындағы ЖОББМ мұғалімі Поляков Ильяға берілді.

Турнирдің жүлдегерлері ІІ орын алған - Павлодар қаласының С.Торайғыров атындағы ЖОББМ мұғалімі Матюшева Анна мен Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернат  мұғалімі Солтаналинов Кайрат; ІІІ орын алған - Екібастұз қаласының № 23 ЖОББМ мұғалімі Сарсекенова Людмила, Павлодар қаласының №36 экологиялық бағыттағы ЖОБММ мұғалімі Ладыгин Евгений және Успен ауданыңың
М. Әуезов атындағы ЖОБММ мұғалімі Волочаев Александр.

Үздік мұғалімдерді шын жүректен құттықтаймыз, турнирдің барлық қатысушыларына болашақ жеңістерін тілейміз!