Павлодар облысының «Ең үздік» педагогтары

25.01.2022
Павлодар облысының «Ең үздік» педагогтары

«BilimLand» ЖШС жариялаған «Қазақстанның үздік педагогі (IІ тоқсан қорытындысы бойынша)» республикалық әлеуметтік-білім беру байқауының қорытындысы өз мәресіне жетті.

Байқауға Қазақстан Республикасы мектептерінің дәстүрлі оқыту форматында цифрлық технология құралы ретінде Online Мektep платформасын қолданатын мұғалімдері қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша Павлодар облысы мұғалімдерінің арасында жеңімпаздар анықталды:

1 орын –Лариса Александровна Клюкина, Павлодар қаласының №11 ЖОББМ,

2 орын – Салтанат Бахитовна Тулебаева, Павлодар қаласының Әуезов атындағы № 42 ЖОББМ,

3 орын –Гульден Сансызбаевна Жумабекова, Май ауданының Малайсары ЖОББМ.

Жеңімпаздар байқау ережесіне сәйкес ақшалай сыйлықпен марапатталды.

1 орын иегеріне - 500 000 теңге

2 орын иегеріне - 300 000 теңге

3 орын иегеріне - 200 000 теңге

Жоғарыда аты аталған ұстаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!