
2025 жылғы 17 сәуірде Павлодар қаласындағы «Алтын сақа» инновациялық шығармашылық орталығының базасында колледж оқытушылары мен қосымша білім беру педагогтарына арналған «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен жасанды интеллект – инновациялық дамудың және тиімділікті арттырудың негізгі құралдары» тақырыбында семинар өтті.
Семинар түрлі білім беру мекемелерінің мамандарын біріктіріп, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті оқу үдерісіне және дарынды балалармен жұмысқа енгізудің өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді.
Семинар спикерлері: Ақпараттық технологиялар орталығы (ЦИТ) әдіскерлері: Акишпаева Анар Талаповна: «Білім беру процесінде ЖИ-пен жұмыс істеудің негіздері», Тумамбаева Ажар Бағлановна: «Оқу үдерісінде АКТ-ны қолдану» (Сабақтарда цифрлық құралдарды қолданудың практикалық мысалдары мен әдістері); РУМЦДО «Ертіс-дарыны» әдіскерлері: Байкенов Ермурат Сагындыкович және Амергалиева Ботагоз Абдыкалыковна: «Дарынды балалармен жұмыс барысында АКТ ресурстарын пайдалану» (Дарынды оқушылардың әлеуетін дамытудағы цифрлық платформалар мен мүмкіндіктер туралы); Тюлюбаева Айгерим Каиркановна: «Дарынды балалармен жұмыс кезінде жасанды интеллекті пайдалану» (ЖИ – дарынды оқушылармен психологиялық және педагогикалық жұмыстағы құрал ретінде); Ы. Алтынсарин атындағы гимназия-интернатының ағылшын тілі мұғалімі: Искакова Динара Сериковна: «Жасанды интеллект пен виртуалды және кеңейтілген шындықты оқу үдерісінде қолдану» (Ағылшын тілі мен гуманитарлық пәндерді оқытуда ЖИ, VR және AR-ды қолдану тәжірибесі); Абай атындағы гимназияның информатика пәні мұғалімі: Канапина Айнур Сериковна: «Жасанды интеллект шығармашылықта: музыкадан визуалды өнерге дейін» (Музыкадан бастап бейнелеу өнеріне дейінгі шығармашылықта ЖИ-дің рөлі).
Қатысушылар семинардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, ұсынылған тақырыптардың өзектілігін және практикалық шешімдердің мол екенін атап өтті. Бұл семинар білім беру саласындағы тәжірибе алмасу, цифрлық трансформацияның болашағын талқылау және шабыттандыратын мысалдарды көрсету үшін құнды алаң болды.
Семинар соңында барлық қатысушыларға кәсіби іс-шараға қатысқаны жөнінде сертификаттар табысталды.