
2024 жылғы 1 ақпан күні Павлодар қаласының Жастар бастамаларын дамыту орталығы базасында робототехника бойынша «FIRST® Kazakhstan 2024» ұлттық чемпионаттың өңірлік іріктеу кезеңі өтті. Ұйымдастырушылар: Павлодар облысы білім беру басқармасының Павлодар облыстық ақпараттық технологиялар орталығы, «Ертіс дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы, «USTEM Robotics» робототехниканы дамыту қоғамдық қоры, Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму бақармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы», «Робототехниканы дамыту Федерациясы» қоғамдық қоры.
Чемпионат екі санат бойынша ұйымдастырылды:
- LEGO League Explore (6 жастан 10 жасқа дейін, 2-ден 4-ке дейін топ мүшеден тұратын команда);
- LEGO League Challenge (10 жастан 16 жасқа дейін, 2-ден 8-ге дейін топ мүшеден тұратын команда).
Чемпионатқа 193 қатысушыдан тұратын 43 команда қатысты. Павлодар қ.-22; Екібастұз қ. - 2; Ақтоғай ауданы - 2; Баянауыл ауданы -1; Шарбақты ауданы - 3; мамандандырылған мектептері - 11; қосымша білім беру ұйымдарынан – 3 команда қатысты.
Чемпионат қорытындысы бойынша ең мықты командалар Павлодар облыстық білім беру басқармасының сертификаттарымен және құнды сыйлықтармен марапатталды.
- LEGO League Explore (6 жастан 10 жасқа дейін, 2-ден 4-ке дейін топ мүшеден тұратын команда) санаты бойынша:
келесі командаларға номинациялар берілді:
«Үздік жауап» – RoboStar, Павлодар қ., Б. Момышұлы ат. ЖОМ;
«Үздік код» – Lego Lions, Екібастұз қ., М. Көпеев ат. Ғылым мектебі;
«Негізгі құндылықтар» – Robosmart, Павлодар қ., Б. Момышұлы ат. ЖОМ;
«Командалық постер» - Күш бірлікте, Павлодар қ., №35 ЖОМ;
«Команда моделі» – Roboline8, дарынды баларға арналған №8 ЛМ;
«Таңғажайып қозғалыс» - Baybots, Павлодар қ., Малайсары батыр ат. ЖОМ;
«Асыл кәсіпқойлық» - Технопульс, Павлодар қ., Ш. Шөкин ат. ЖОМ;
«Күрделілік және безендіру» - Robobot, Павлодар қ., №29 ЖОМ;
«Озат идея» - Легоманы, Павлодар қ., Ш. Шөкин ат. ЖОМ.
«First Lego League Explore» санаты бойынша іріктеу кезеңінің чемпионы «Сатурн» робототехника мектебінің «Ренесанс» командасы атанды.
- Lego League Challenge санатында (10-16 жас, 2-8 мүшеден тұратын команда) келесі командалар марапатталды:
«Motivate Award» – Electro Squard, Павлодар қ., Ш. Шөкин ат. ЖОМ;
«Rising-All Star Award» – Smartkids, дарынды балаларға арналған Абай ат. гимназия;
«Breakthrough Award» – Art wizards, Павлодар қ., №21 ЖОМ;
«Engineering Skills Award» -An-Nur, өнер және білім орталығы;
«Robot game Award» - Баянауыл, Баянауыл ауданының З. Ақышева ат ЖОМ.;
«Robot Design Award» – Altynsarin, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды
балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты;
«Innovation Award» - gum_3_robotics, дарынды балаларға арналған №3 гимназия;
«Basic values Award» - RoboHeart, Павлодар қ., №2 ЖОМ;
«The Best Coach Award» – Веѕткрест, Павлодар қ.. А. Байтұрсынұлы ат. ЖОМ;
«LEGO League Challenge» санаты бойынша іріктеу кезеңінің Финалисті - «Champions Award Finalist», «Fixiefy» командасы, Дарынды қыз балаларға арналған Білім-инновация лицея атанды.
«LEGO League Challenge» санаты бойынша іріктеу кезеңінің «Champions Award Winner» Чемпионы «Robodrive8» командасы, дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі атанды.
Жеңімпаз 2 команда (финалист және чемпион), Астана қаласында өтетін, «FIRST® Kazakhstan 2024» республикалық чемпионатына жолдама алды.
Жарыстың демеушілеріне, «Транстелеком» акционерлік қоғамы, «Maker Space Pavlodar» және Қазақстан Республикасындағы «Америкалық бұрышқа» ерекше алғыс білдіреміз.