«Білім берудегі ақпараттық- коммуникациялық технологиялар» облыстық конкурсының ақтық кезеңін өткізу

13.11.2023
«Білім берудегі ақпараттық- коммуникациялық технологиялар»    облыстық конкурсының ақтық кезеңін өткізу

          Білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы  2023 жылғы 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында  «Білім берудегі ақпараттық - коммуникациялық технологиялар» облыстық конкурсының іріктеу кезеңін өткізді.

Конкурстың мақсаты: облыс педагогтері арасында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласына деген ғылыми және тәжірибелік қызығушылықтарын дамыту, инновациялық және шығармашылық ақпараттық идеяларды, талантты мұғалімдерді қолдау.

Облыстық конкурсқа облыстың білім беру мекемелерінен 52 жұмыс ұсынылды (Павлодар қаласынан - 12 жоба, Ақсу қаласынан - 1, Екібастұз қаласынан - 4, Баянауыл ауданынан – 4, Железин ауданынан - 4, Май ауданынан - 1, Павлодар ауданынан -5,  Тереңкөл ауданынан – 2, Шарбақты ауданынан – 2, мамандандырылған мектептерден – 6, мектепке дейінгі ұйымдардан – 2, ТжКББ - 9). Екінші ақтық кезеңге 38 жоба іріктелініп алынды. 

         Іріктеу кезеңінен өткен қатысушылар, 2023 жылғы 17 қараша күні, ақтық кезеңде өз  жобаларын қорғайды.

Жобаны қорғау Павлодар қаласының Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясының базасында (акт залында). сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін өтеді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер білім беру басқармасының  дипломдарымен және бағалы  сыйлықтармен  марапатталады.

Конкурстың қорытындысы 2023 жылғы 20 қарашада білім беру басқармасының (https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu?lang=kk)  және ОАТО (http://pvlcit.kz/kz/) сайттарында  жарияланады.