2026 жылғы 23-25 қаңтар аралығында Астана қаласындағы Назарбаев Университетінде USTEM Foundation қорымен бірлесе отырып және «Астана дарыны» орталығының қолдауымен «ASTANA FIRST & DRONES CHAMPIONSHIP 2026» чемпионаты аясында FIRST Kazakhstan 2025–2026 Astana FIRST AGE робототехника турнирі өтті.
Жарысқа мектеп оқушыларын, жаттықтырушыларды, педагогтар мен еріктілерді қосқанда 900-ден астам адам қатысты. Павлодар облысынан 21 команда барып, жоғары дайындық деңгейі мен лайықты нәтижелер көрсетті.
FLL Challenge санаты
Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияның «DARYN» командасы (менторлары — Ли Алексей Олегович және Сыздыкова Айнур Алтынсариновна) «ENGINEERING EXCELLENCE AWARD» марапатына ие болды.
Ы. Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия-интернатының «Altynsarin Team» командасы (менторлары — Уалқан Еркебұлан Арманұлы және Жаделов Айдос Бекболатович) «INNOVATION PROJECT AWARD FINALIST» номинациясының финалисі атанды.
Дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінің «Robodrive8» командасы (менторлары — Медведева Татьяна Фёдоровна және Есенкулова Торгын Джасулановна) «INNOVATION PROJECT AWARD» номинациясының жеңімпазы болды.
Жоғарыда аталған командалар мен Павлодар қаласының № 2 орта мектебінің «RoboHeart» командасы (менторлары — Аушахманова Акбота Жанабаевна және Айменова Анара Болатовна) SMC (Social Media Challenge) аясында іріктеуден сәтті өтіп, Central Asia FIRST® Championship 2026 халықаралық чемпионатына жолдама алды.
Бұдан бөлек, Павлодар қаласының Ш. Шөкин атындағы мектебінің «Electro squad» командасы (менторы — Макарова Анастасия Викторовна) - «MOTIVATE AWARD» номинациясымен, дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінің «Georobot» командасы (менторлары — Медведева Татьяна Фёдоровна және Есенкулова Торгын Джасулановна) - «BREAKTHROUGH AWARD» номинациясымен, ал Ақсу қаласының № 7 ЖОМ «Max7Nova» командасы (менторлары — Негманова Каирпану Канапьяновна және Карюкина Александра Николаевна) - «PEER AWARD» номинациясымен марапатталды.
FLL Explore санаты
Павлодар қаласының № 21 ЖОМ «LegoKids» командасы (менторлары — Блок Наталья Леонидовна және Мокроусова Анастасия Геннадьевна) «CHAMPION'S AWARD FINALIST» номинациясының финалисі атанды.
Павлодар қаласының № 21 ЖОМ «Новое поколение» командасы (менторлары — Блок Наталья Леонидовна және Кожаханова Анастасия Токтасыновна) «Enthusiasm and Dedication Award» марапатын иеленді.
Екібастұз қаласының № 35 мектеп-гимназиясының «Digital Nomads» командасы (менторлары — Ли Алексей Олегович және Жамбұл Анар Қинаятқызы) «TEAM MODEL AWARD» номинациясын алды.
Жоғарыда аталған барлық командалар 10-13 ақпан аралығында Астана қаласындағы EXPO халықаралық көрме орталығында өтетін Central Asia FIRST® Championship 2026 чемпионатында өңір намысын қорғау құқығын жеңіп алды.
Бұл чемпионат Орталық Азияның ең мықты командаларын біріктіреді және Павлодар облысының оқушылары олардың қатарына лайықты түрде кіріп отыр.
Қатысушыларға сәттілік тілейміз, өйткені бұл жарыстың басты жүлдесі — Хьюстонда (АҚШ) өтетін робототехникадан әлем чемпионатына жолдама.
