ҰБДҚ және Күнделік ААЖ толтыру бойынша елді мекендерге барып өткізілетін семинарлар

19.05.2022
ҰБДҚ және Күнделік ААЖ толтыру бойынша елді мекендерге барып өткізілетін семинарлар

«Павлодар ақпараттық технологиялар орталығы» КММ әдіскерлері ағымдағы жылдың 16 мамыры күні, ҰБДҚ және Күнделік ААЖ толтыру бойынша көмек көрсету мақсатында Павлодар ауданы білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне арналған семинар өткізді.
Семинарға ҰБДҚ және Күнделік ААЖ толтыру бойынша жауапты 26 мектептен 29 педагог, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан 8 қызметкер, сонымен қатар, аудандық білім беру бөлімінің әдіскері қатысты. Барлық қатысушылар семинарға белсенді қатысып, өзекті сұрақтарына жауап алды. Қорытындылай келе қатысушылар өз ұсыныстарын айтты.