ҰБДҚ және Күнделік ААЖ толтыру бойынша елді мекендерге барып өткізілетін семинарлар

18.05.2022
ҰБДҚ және Күнделік ААЖ толтыру бойынша елді мекендерге барып өткізілетін семинарлар

«Павлодар ақпараттық технологиялар орталығы» КММ ағымдағы жылдың 17 мамыры күні, ҰБДҚ және Күнделік ААЖ толтыру бойынша көмек көрсету мақсатында Ақтоғай ауданының білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне арналған семинар өткізді.
Семинарға ҰБДҚ және Күнделік ААЖ толтыру бойынша жауапты 18 мектептен 24 педагог, сонымен қатар, аудандық білім беру бөлімінен 2 әдіскер қатысты. Барлық қатысушылар семинарға белсенді қатысып, өзекті сұрақтарына жауап алды. Қорытындылай келе қатысушылар өз ұсыныстарын айтты.