ҰБДҚ және Күнделік ААЖ толтыру бойынша Май ауданында семинар өткізілді

13.05.2022
ҰБДҚ және Күнделік ААЖ толтыру бойынша Май ауданында семинар өткізілді

«Павлодар ақпараттық технологиялар орталығы» КММ ағымдағы жылдың 12 мамыр күні, ҰБДҚ және Күнделік ААЖ толтыру бойынша көмек көрсету мақсатында Май ауданының білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне арналған семинар өткізді.
Семинарға ҰБДҚ және Күнделік ААЖ толтыру бойынша жауапты 13 мектептен 15 педагог, мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдарынан 4 қызметкер, сонымен қатар, аудандық білім беру бөлімінен 2 әдіскер қатысты. Барлық қатысушылар семинарға белсенді қатысып, өзекті сұрақтарға жауап алды. Қорытындылай келе қатысушылар өз ұсыныстарын айтты.