
Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігі мен Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі арасындағы меморандум шеңберінде Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті және облыстың білім беру басқармасымен бірлесіп облыс мектептерінің жоғары сынып оқушыларымен интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша бірқатар кездесулер ұйымдастырылды.
Кездесулердің бірінде Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің ұйымдастыру-бақылау басқармасының басшысы Исбастинов Арман Қайырекұлы сөз сөйледі. Ол оқушыларға интернеттегі алаяқтықтың бір түрі дроппинг туралы айтты. Дроппер алаяқтар заңсыз алынған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдыру үшін пайдаланатын адам. Ол қылмыстық жолмен алынған ақшаны аударатын банктік деректерін ұсынады.
Ол сондай-ақ лудомания мәселесіне тоқталып, балаларды осы зиянды психологиялық тәуелділіктен сақтануға шақырды. Лудомания бұл құмар ойындарға патологиялық бейімділік, адам өмірінде үстемдік ететін және әлеуметтік, кәсіби, материалдық және отбасылық құндылықтардың төмендеуіне әкелетін құмар ойындарға қатысудың жиі қайталанатын эпизодтарынан тұрады.
Кездесу Павлодар қаласының Жұмабек Тәшенов атындағы жалпы білім беру орта мектебінің қабырғасында өтті және мектептер үшін бейнеконференц байланысы арқылы көрсетілді.