
Ақпараттық технологиялар орталығы жыл сайын педагогикалық идеялардың интернет-фестивалін өткізеді және http://pvlcit.kz сайтында фестиваль алаңын ұйымдастырады. 1 ақпан мен 16 сәуір аралығында облыс педагогтары фестивальге қатысу үшін электронды форматта 3 бағыт бойынша өтініш бере алады. Фестиваль білім беру жүйесінің заманауи талаптарына жауап беретін оқу үдерісін ұйымдастырудың озық педагогикалық тәжірибесін ұсынады. Интернет-фестивальдің барлық қатысушылары қатысушы сертификатын, ал үздік педагогтар – дипломдар мен бағалы сыйлықтар алады.