STEM: болашақ формуласы — зияткерлік, технология және мүмкіндік!

23.11.2026
STEM: болашақ формуласы — зияткерлік, технология және мүмкіндік! STEM: болашақ формуласы — зияткерлік, технология және мүмкіндік!

190 команда. 7 ел. Идеялар, жаңалықтар мен инновациялар тоғысқан бір халықаралық алаң!
21–22 қараша күндері Астана қаласы жас зерттеушілер мен болашақ инженерлердің басын қосты. Мұнда Венгрия, Қытай, Корея, Сауд Арабиясы, Қырғызстан, Үндістан және Қазақстан командалары қатысқан STEM олимпиадасының халықаралық кезеңі өтті.

Павлодар облысының намысын республикалық іріктеуден өткен 11 команда қорғады. Оқушыларымыз үшін бұл — қалыптасқан оқу міндеттерінің шеңберінен шығып, білімдерін халықаралық деңгейде сынауға, инженерлік ойлау қабілетін, шығармашылық әлеуеті мен тың шешімдер табу дағдыларын көрсетуге берілген мүмкіндік.

Бұл алаңда формулалар нақты шешімдерге, идеялар жобаларға, ал білім шынайы технологиялық мүмкіндіктерге айналды.
Осындай ауқымды олимпиадаға қатысу — тек жарыс қана емес, сонымен қатар халықаралық тәжірибе алмасу, жаңа білім мен шабыт алып, тың жаңалықтарға жол ашу мүмкіндігі.

STEM әлемінде шекара жоқ. Мұнда ізденімпаздық, батыл идеялар және болашақты жасауға деген ұмтылыс бар!
Қатысушыларымыз бен педагог-тәлімгерлерімізді мақтан тұтамыз!