STEM DAY

Павлодар облысы білім беру басқармасының облыстық ақпараттандыру оратлығының көмегімен Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде алғаш рет республикалық «STEM DAY – 2023» стем-жобалар байқауы өтті. Байқау білім беру арқылы мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің ғылыми зерттеу әлеуетін және зияткерлік қабілеттерін дамытуға бағытталған. Сонымен қатар, Астана және Алматы қалаларындағы жоғары оқу орындарының студенттері өз жұмыстарын онлайн режимде таныстырды. Байқауға жалпы 40-тан астам жұмыс қабылданды. 

Байқауға қатысушылардың бірі - Май ауданы Малайсары орта мектебінің оқушылары. Олар заманауи қондырғылармен жабдықталған экологиялық таза ауыл құрастырып әкелді.
- Ауылдағы өзекті мәселелердің бірі – күл-қоқыстан арылту. Яғни, тұрмыстық қалдықтардың барлық түрін сұрыптауға арналған қондырғылар ойлап таптық. Сонымен қатар, сұрыпталған қалдықтарды қайта өңдейтін өндірістік аймақ бар. Онда көңді өңдеп, тыңатқышқа айналдыруға болады. Сонымен қатар, экологиялық спорт кешені де ауылдық жер үшін пайдасы мол жоба, - дейді оқушылрардың жетекшісі Гүлден Жұмабекова.
Павлодар облыстық ақпараттық технологиялар орталығының басшысы Е.Ш.Утюбаев, университеттің профессор-оқытушылары Е.С.Ғабдуллин, Ф.А.Құрабаева, Б.А. Байдалинова, А.К.Оспанова, А.Ж. Асамбаев, А.Ж.Асаинова, Р.Н.Асылбаев, С.А.Поломарь, А.К.Киреевадан құралған қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады.
Байқау қорытындысы бойынша:
Бас жүлдеге берілген ректор грантын Black Cumin командасы (Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия интернаты, Туленов Нурмухамед, Исамбаев Таир, ғылыми жетекшісі Ералин Айбат Мейрамбекович) жеңіп алды.
1 орынды Кибела командасы (Екібастұз қаласының дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған мектеп-лицейі, Рябицкий Владислав, Симонович Диана, ғылыми жетекшісі Ахметова Бакыт Абильдиновна) және KEREKU командасы (Павлодар қ. химия-биология бағытындағы НЗМ, Танат Алихан, Сәрсенбай Нұрсұлтан, ғылыми жетекшілері Литвинова Ольга Владимировна, Кульжин Кайнар Нурланович) ұтып алды.
2 орынды Eco-Project командасы (Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, Бақытжан Жания, Баймбет Аяжан, ғылыми жетекшісі Мухамедиева Кымбатша Мауленовна);
Abay құрамасы (Абай атындағы ҚҰПУ, Аскарова Жанна, Джанбутаев Манас, ғылыми жетекшісі Сейдуәлі Қасым Болатұлы);
Clean Robots командасы (Жоғары электроника және коммуникациялар колледжі, Кравчуков Александр, Бородулин Александр, ғылыми жетекшілері Нургожина Жанара Оралбековна, Нургазинова Асемгуль Сагиденовна);
MaiTown командасы (Малайсары ЖОМ, Сипатилов Исмаил, Ахметсапар Нұрасыл ғылыми жетекшісі Жумабекова Гульден Сансызбаевна) жеңіп алды.
3 орынға Велопаркинг командасы (Халықаралық Астана университеті, Тағай Ақжүніс, Ораз Жанерке, ғылыми жетекшісі Жаныс Арай Бошанқызы);
Аграрка командасы (С. Сейфуллин атындағы Қазақ агро-техникалық университеті, Сагандыков Салауат, Нұрбақыт Риза, ғылыми жетекшісі Найзағараева Ақгүл Аманжоловна);
Октябрь жалпы орта мектебі командасы (Павлодар облысы білім беру басқармасының Тереңкөл ауданы білім беру бөлімінің Октябрь ЖОМ, Рыкунов Владислав, Масалимова Аружан, ғылыми жетекшісі Иванов Вячеслав Вячеславович);
Eco-Nutsya командасы (Ақпараттық технологиялар колледжі, Огнев Савелий, Ахметжанов Мадияр, ғылыми жетекшісі Қимадиден Гүлайым Ақихатқызы);
Netherite командасы («Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейі, Айдарбеков Ансар, Жұмабай Төрехан, ғылыми жетекшісі Шайхимов Айдар Абылаевич);
VR Tech командасы (Екібастұз қ. №13 ЖОМ, Каминский Александр, ғылыми жетекшісі Амренова Казине Уразалиевна) ие болды.
Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар ретінде планшеттер, смарт динамиктер және смарт сағаттар берілді.