«The Best Mobile App – 2020» облыстық мобильді қосымшалар конкурсына өтінімдерді қабылдау мерзімі ұзартылды!

10.12.2020
«The Best Mobile App – 2020» облыстық мобильді қосымшалар конкурсына өтінімдерді қабылдау мерзімі ұзартылды!

Құрметті қатысушылар! 

Егер де, Сіз, заман талабына сай өмір сүріп, мобильді қосымшаларды тұтынушылар қатарынан болсаңыз, бағдарламалық қамтамасыздандыруды әзірлеу саласындағы өз жетістігіңізді айқындағыңыз келсе, кешікпей өтінім беріңіз! Бұл конкурс сіз үшін ұтымды!

2020 жылғы 14 желтоқсанға дейін «The Best Mobile App – 2020» облыстық қашықтық мобильдік қосымшалар конкурсына өтінім мен жұмыстарыңызды электрондық мекенжайына: konkurscit@bk.ru жіберуілеріңізге болады.

Конкурс қатысушылары: жалпы білім беру мен мамандандырылған білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының оқушылары.

Конкурстың қорытындысы 2020 жылғы 20 желтоқсан күні Павлодар облысы білім беру басқармасының (https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu?lang=ru) және ақпараттық технологиялар орталығының (http://pvlcit.kz) сайттарында жарияланады.