Sony Vegas Pro БҚ арқылы оқыту бейне роликтерін құрастыру

20.10.2021
Sony Vegas Pro БҚ арқылы оқыту бейне роликтерін құрастыру

Оқу бейнероликтері оқыту процесінде қолданылатын тиімді құралдарының бірі болып табылады. Бейнероликтер жаңа тақырыпты көрсету кезінде динамикалық процесс немесе оның статистикалық сәттерді түсіндіру мақсатында және егжей-тегжейлі талдауды баяндау үшін, проблемалық жағдайды шешу мақсатында қойылған мәселелерді көрсету үшін, циклдық процестерді бекіту кезінде жаңа материалды жандандыру мақсатында оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру және олардың өзіндік жұмыстары үшін иллюстративті материал ретінде пайдаланылуы мүмкін.

Жиі барлық роликтердің ішінен (фильм) мұғалімге бірнеше кадрлар ғана қажет немесе тақырыпқа сәйкес экрандық құралдары сабақ құрылымы және басқа да жағдайлары мұғалімді көзбен бірқатар қанағаттандырады, бірақ диктордің пікірін немесе мәтіндегі жазуларды алып тастау керек. Бұның барлығын әр түрлі арнайы бағдарламаларды пайдалана отырып бейнероликтерді редакциялауға мүмкіндік жасайды.

Павлодар ақпараттық технологиялар орталығы 2021 жылы 11-18 қазан аралығында облыс мұғалімдерінің АКТ-біліктілігін арттыру мақсатында «Sony Vegas Pro БҚ арқылы оқыту мультимедиялық ресурстарды құрастыру» атты оқыту семинарын ұйымдастырды.

Семинарға Павлодар облысынан 15 мұғалім қатысты, соның ішінде Павлодар, Екібастұз қалаларынан, Успен, Железин аудандарының және дарынды балаларға арналған №3 гимназия мұғалімдері.

Sony Vegas Pro – бейнематериалдарды монтаждау және өңдеу үшін барлық функциялары мен құралдары қажет болуы мүмкін стандартты бағдарлама.

Семинарда тыңдаушылар тәжірибелік тапсырмаларды орындау барысында оқыту бейнероликтерін құруға бағытталған Sony Vegas Pro-ның негізгі мүмкіндіктерімен таныстырылды.

Тәжірибелік тапсырмаларды орындау барысында тыңдаушылар жобаны жасау және бұғаттауды, құрылған жобаға мультимедиалық файлдарын импорттауға, дыбыстарды өңдеуге, титрларды қосуға, бірқалыпты өткелдерді және арнайы әсерлерді қосуға үйренді. Сондай-ақ, тыңдаушылар өз жобасын дұрыс визуализациялауды, яғни дайын бейнероликке аударуды үйренді.

Алынған дағдылардың нәтижесінде тыңдаушылар өздерінің оқу бейнероликтер жасап, қорғады. Семинар соңында тыңдаушыларға сертификаттар табыс етілді.

Қазір Интернет желісінде көптеген оқу бейнероликтері бар, бірақ олардың әрқайсысын білім беру процесінде пайдалануға болмайды. Аталған семинар өздеріңіздің бейнероликтарыңызды жасап немесе дайын бейнероликті өңдеп кейін өз сабақтарыңызда қолдана алатындай мүмкіндік береді.