Білім берудегі заманауи технологиялар: функционалдық және цифрлық сауаттылық

25.04.2023
Білім берудегі заманауи технологиялар: функционалдық және цифрлық сауаттылық

Бүгін 25-сәуір күні Павлодар облысының білім беру басқармасы мен Облыстық ақпараттық технологиялар орталығының ұйымдастыруымен дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектеп базасында «Bilimland» ииновациялық компаниясы Bilimland экожүйесінің жаңа техникалық мүмкіндіктері мен жаңартылған мазмұнын таныстыру, оқыту процесін ұйымдастыруда цифрлық білім беру ресурстарын тиімді қолдану үшін әдістемелік көмек көрсету мақсатында облыс мектептерінің басшылары мен басшы орынбасарларына, қалалық және аудандық білім беру бөлімдерінің ақпараттандыруға жауапты әдіскерлеріне арналған «Білім берудегі заманауи технологиялар: функционалдық және цифрлық сауаттылық» атты семинар-тренинг өткізді.

Семинар-тренингқа облысымыздың 200-ге жуық мектеп басшылары, басшы орынбасарлары, информатика пәнінің ұстаздары, ақпараттандыруға жауапты мамандар қатысты. Шараға қатысушылар тәжірибе алмасып, компанияның жаңа өнімдерімен танысты.