«FIRST LEGO LEAGUE» халықаралық жарыстар бойынша семинар

25.09.2023
«FIRST LEGO LEAGUE» халықаралық жарыстар бойынша семинар «FIRST LEGO LEAGUE» халықаралық жарыстар бойынша семинар

Ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде Ы.Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия-интернатында облыстың білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығын ұйымдастыруымен «FIRST LEGO LEAGUE» робототехника саласындағы халықаралық қозғалыс бойынша семинар өткізілді. FIRST бұл STEM-технологиясы бойынша білім беру саласында мен жастарға арналған робототехниканы ілгерілетуде әлемдік көшбасшы.

Семинарды «USTEM Robotics» робототехниканы дамыту қорының өкілі Асылбек Мырзахметов (Алматы қ.) өткізді, облыс мектептерінің 70-тен астам информатика мұғалімдері қатысты. Семинардың барлық қатысушыларына сертификаттар табысталды.

«FIRST LEGO LEAGUE» робототехника бойынша жарысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығына кірді. Облыстық жарыстың өңірлік кезеңін ағымдағы жылдың желтоқсан айында өткізу жоспарлануда.