«II тоқсан бойынша Қазақстанның үздік оқушысы» республикалық байқауының қорытындысы

24.01.2022
«II тоқсан бойынша Қазақстанның үздік оқушысы» республикалық байқауының қорытындысы

«BilimLand» ЖШС жариялаған «IІ тоқсан Қазақстанның үздік оқушысы бойынша)» республикалық әлеуметтік-білім беру байқауының қорытындысы өз мәресіне жетті.

Байқауға Қазақстан Республикасы мектептерінің дәстүрлі оқыту форматында цифрлық технология құралы ретінде Online Мektep платформасын қолданатын оқушылар қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша Online Мektep платформасында ең көп BilimBonus жинаған, Павлодар облысының «Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты» ММ 10 сынып оқушысы Айсұлу Тамаргалиева республика бойынша жеңімпаз атанып, бас жүлдеге Apple iPhone 11 смартфонын алады.

Айсұлу Тамаргалиеваны байқаудағы жеңісімен құттықтаймыз! Білім шыңында биік белестерді бағындыра бер демекпіз!

Жақсы жаңалықтарымыз көп болсын!