
2024 жылғы 30 қарашасында Ж. Ташенов атындағы мектебінде (Павлодар қ., Ворушин көшесі, 6/2) FIRST Kazakhstan 2024-2025 FIRST DIVE Маусымы робототехника бойынша ұлттық чемпионаттың өңірлік іріктеу кезеңі өтеді.
Өңірлік кезең төрт санат бойынша өтеді:
FIRST LEGO League Discover (4-6 жас аралығында, 2-ден 4-ке дейін топ мүшеден туратын команда);
FIRST LEGO League Explore (6-10 жас аралығында, 2-ден 4-ке дейін топ мүшеден туратын команда);
FIRST LEGO League Challenge (10-16 жас аралығында, 2-ден 8-ге дейін топ мүшеден туратын команда);
FIRST Tech Challenge (12-18 жас аралығында, 2-ден 15-ке дейін топ мүшеден туратын команда).
Чемпионатқа өтінімдер ағымдағы жылдың 22 қарашасына дейін citdopvl@yandex.kz электрондық мекенжай бойынша қабылданады.
Ұйымдастуршылар:
- Павлодар облысы білім беру басқармасының Павлодар облыстық ақпараттық технологиялар орталығы;
- Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы;
- «USTEM Robotics» робототехниканы дамыту қоғамдық қоры;
- «Робототехниканы дамыту Федерациясы» қоғамдық қоры.