
2024 жылғы 20 желтоқсанда «Спорттық бағдарламалау федерациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «Павлодар облыстық ақпараттық технологиялар орталығы» КММ бірлесіп ұйымдастырған «CPFED Uzdik IT Ustaz» турнирінің іріктеу кезеңі өтті. Аталған турнирге Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларының және Тереңкөл, Аққулы, Баянауыл, Павлодар аудандарының мұғалімдері қатысты.
«Uzdik IT Ustaz» атағы турнирдің ең жоғары балын жинаған Қаныш Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының мұғалімі Ерғали Бақбердіге, Дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің мұғалімі Васина Светлана Геннадьевнаға берілді.
Турнирдің жүлдегерлері ІІ орын алған - Павлодар қаласының С. Торайғыров атындағы ЖОББМ мұғалімі Поляков Илья Олегович, Екібастұз қаласының № 36 лицей-мектебінің мұғалімі Сункарбекова Асемгуль Аскаровна, Дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің мұғалімі Солтаналинов Кайрат Идрисович; ІІІ орын алған - Екібастұз қаласының № 23 ЖОББМ мұғалімі Сарсекенова Людмила Александровна, "Жас дарын" мамандандырылған мектеп-лицейінің мұғалімі Момынов Куат Мырзатаевич, Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының мұғалімі Асамбаев Алишер Асенович, Павлодар қаласының № 39 инновациялық үлгідегі гимназия сыныптары бар ЖОББМ мұғалімі Гурина Алевтина Михайловна, Павлодар қаласының № 39 инновациялық үлгідегі гимназия сыныптары бар ЖОББМ мұғалімі Қайролла Сәбит Боранұлы.
Үздік мұғалімдерді шын жүректен құттықтаймыз, турнирдің барлық қатысушыларына болашақ жеңістерін тілейміз!