«The Best Mobile App – 2020» облыстық мобильді қосымшалар конкурсына қатысуға шақырамыз!

18.11.2020
«The Best Mobile App – 2020» облыстық мобильді қосымшалар конкурсына қатысуға шақырамыз!

Құрметті қатысушылар!

Егер де, Сіз, заман талабына сай өмір сүріп, мобильді қосымшаларды тұтынушылар қатарынан болсаңыз, бағдарламалық қамтамасыздандыруды әзірлеу саласындағы өз жетістігіңізді айқындағыңыз келсе, кешікпей өтінім беріңіз! Бұл конкурс сіз үшін ұтымды!

2020 жылғы 10 қараша мен 18 желтоқсан аралығында «The Best Mobile App – 2020»облыстық қашықтық мобильдік қосымшалар конкурсы жалпы білім беру мен мамандандырылған білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының оқушыларыарасында өткізіледі.

Ұйымдастырушылар: Павлодар облысының білім беру басқармасы, облыс білім беру басқармасының облыстық ақпараттық технологиялар орталығы.

Конкурс мақсаты: бағдарламалық қамтамасыздандыруды әзірлеу аясында инновациялық технологиялардың рөлін, мобильді платформалардың қосымшаларын бағдарламалау және дизайндеу аясында оқушылардың білімі мен қабілеттілік деңгейін арттыру.

Конкурс ереже жарияланған сәттен бастап қашықтықтан өткізіледі және конкурстың қорытындысы шығарылғанға дейін бір апта бұрын аяқталады.

Әдістемелік және техникалық талаптарға сәйкес рәсімделген өтінімдер мен конкурстық жұмыстар 2020 жылғы 10 қараша мен 9 желтоқсан аралығында ұйымдастыру комитетінің электрондық мекенжайына қабылданады: konkurscit@bk.ru (өтінімдер мен жұмыстарды қабылдау 2020 жылы 9 желтоқсан сағат 18.00-де тоқтатылады).                

Конкурстың қорытындысы 2020 жылғы 18 желтоқсан күні Павлодар облысы білім беру басқармасының (https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu?lang=ruжәне ақпараттық технологиялар орталығының (http://pvlcit.kzсайттарында жарияланады.