«Үздік интерактивті сабақ» педагогикалық идеялар облыстық интернет–фестиваліне қатысуға шақырамыз

03.04.2023
«Үздік интерактивті сабақ» педагогикалық идеялар облыстық интернет–фестиваліне қатысуға шақырамыз «Үздік интерактивті сабақ» педагогикалық идеялар облыстық интернет–фестиваліне қатысуға шақырамыз

Құрметті педагог! Егер Сіз сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияларды белсенді пайдаланып, креативті және шығармашыл идеяларға толы болсаңыз «Үздік интерактивті сабақ» атты педагогикалық идеялардың Интернет-фестиваліне (бұдан әрі — Фестиваль) қатысуға шақырамыз.

Фестиваль жыл сайын интерактивті жабдықтарды білім беру үдерісінде қолдану  аясында педагогтардың кәсіби шеберліктерін жетілдіру, белсенді және дарынды оқытушылардың үздік  іс-тәжірибелерін жинақтау және тарату, оларға қолдау көрсету  мақсатында Павлодар облысы білім беру басқармасы мен Облыстық  ақпараттық технологиялар орталығымен өткізіледі.

Фестивальге, облыстық, республикалық конкурстарда соңғы 3 жылда жүлделі орын (1,2 орындар) алған педагогтардан басқа, Павлодар облысы білім беру ұйымдарының барлық педагогтары қатыса алады.

Фестиваль 2023 жылғы 3 сәуір  мен 23 мамыр аралығында өткізіледі.

Әдістемелік және техникалық талаптарға сай рәсімделген өтінімдер мен жұмыстар 2023  жылғы 3 сәуір  мен  28 сәуір  аралығында  Ұйымдастыру комитетінің, Павлодар қ. Қайырбаев көшесі, 32 үй, (108, 113 кабинеттер) мекен-жайы бойынша (жұмыстар электрондық тасығыштарда (CD, DVD)) немесе https://forms.gle/QaxhrTsSxYyWMast7 сілтемесі бойынша қабылданады (өтінімдер мен жұмыстарды қабылдау 2023 жылғы 28.04. сағат 18.00-де тоқтатылады).

Қосымша ақпарат 62-52-77 телефоны және http://pvlcit.kz/kz/ сайтында.

Үздік интерактивті сабақ» педагогикалық идеялар облыстық интернет–фестивалінің ережесі