«Білім берудегі ақпараттық- коммуникациялық технологиялар» облыстық конкурсына қатысуға шақырамыз

27.09.2021
«Білім берудегі ақпараттық- коммуникациялық технологиялар» облыстық конкурсына қатысуға шақырамыз

2021 жылғы 27 қыркүйек пен29 қараша аралығында «Білім берудегі ақпараттық- коммуникациялық технологиялар» аттықашықтықконкурс өткізіледі.

Ұйымдастырушылары: Павлодар облысының білім беру басқармасы, облыс білім беру басқармасының облыстық ақпараттық технологиялар орталығы.

Конкурс мақсаты:облыс мұғалімдер арасында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласына деген ғылыми және тәжірибелік қызығушылықтарын дамыту, инновациялық және шығармашылық ақпараттық идеяларды, талантты мұғалімдер мен оқушыларды қолдау.

Конкурс екі кезеңде өтеді (іріктеу, ақтық):

І кезең – іріктеу. 2021 ж. 27 қыркүйек пен 20 қарашаға дейін сырттай өтедіӨтінім және конкурстық жұмыс білім беру мекемесінде жұмыс істейтін педагогтардан (қызметкерлерден) 2021 жылғы 15 қарашаға дейін Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы бойынша немесе Google Forms сілтемесі бойынша қабылданады:

Павлодар қ., Қайырбаев көшесі, 32, 1 қабат, 108 кабинет. тел.: 8 (7182) 62-52-77.

ІI – ақтық кезең (финал), қашықтық түрде жүргізіледі. Конкурстың ақтық кезеңі қатысушылары 2021 жылғы 23 мен 29 қарашаға дейін өтеді.

Конкурстың қорытындысы 2020 жылғы 30 қарашада Облыстықбілім беру басқармасының (https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu?lang=kk) және ОАТО (http://pvlcit.kz) сайттарында жарияланады.