
Құрметті қатысушылар!
Егер Сіз, өз еліңіздің патриоты болсаңыз, Тәуелсіздік күніне орай жерлестеріңізді құттықтап, ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы ерліктерін паш еткіңіз келсе, бұл конкурс Сізге арналған!
2020 жылғы 4 қараша мен 10 желтоқсан аралығында «Желтоқсан – тәуелсіздік шежіресі»облыстық қашықтық бейнероликтер конкурсы жалпы орта білім беру ұйымдарының бастауыш сынып оқушылары мен мектепке дейінгі ұйымдарының тәрбиеленушілері арасында өткізіледі.
Ұйымдастырушылар: Павлодар облысының білім беру басқармасы, облыс білім беру басқармасының облыстық ақпараттық технологиялар орталығы.
Конкурс мақсаты:Жас ұрпаққа 16 желтоқсан-Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата – бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында құттықтау, ізгі-тілектер жолдау.
Конкурс ереже жарияланған сәттен бастап қашықтықтан өткізіледі және конкурстың қорытындысы шығарылғанға дейін бір апта бұрын аяқталады.
Әдістемелік және техникалық талаптарға сәйкес рәсімделген өтінімдер мен конкурстық жұмыстар 2020 жылғы 4-30 қараша аралығында ұйымдастыру комитетінің электрондық мекенжайына қабылданады: konkurscit@bk.ru (өтінімдер мен жұмыстарды қабылдау 2020 жылы 30 қараша сағат 18.00-де тоқтатылады).
Конкурстың қорытындысы 2020 жылғы 10 желтоқсан күні Павлодар облысы білім беру басқармасының (https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu?lang=ru) және ақпараттық технологиялар орталығының (http://pvlcit.kz) сайттарында жарияланады.