Ұлы Жеңіске 75 жыл (1941-1945) аясында «Біз ұмытпаймыз...» облыстық қашықтық бейнероликтер конкурсына қатысуға шақырамыз

26.02.2020
Ұлы Жеңіске 75 жыл (1941-1945) аясында «Біз ұмытпаймыз...» облыстық қашықтық бейнероликтер конкурсына қатысуға шақырамыз

2020 жылғы 24 ақпан мен 30 сәуір аралығында «Біз ұмытпаймыз...» облыстық қашықтық бейнероликтер конкурсы өткізіледі.
Ұйымдастырушылары: Павлодар облысының білім беру басқармасы, облыс білім беру басқармасының облыстық ақпараттық технологиялар орталығы.
Конкурс мақсаты: білім алушыларға Ұлы Отан Соғысындағы Жеңіс туралы тарихи естелікті сақтау, жастар мен өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру және тарихи сауаттылықты арттыру. Ұлы Отан Соғысында ерлік көрсеткен Қазақстандықтардың істеріне деген құрмет,  ізгілік көрсету, оларды үлгі тұту.
Конкурс ереже жарияланған сәттен бастап қашықтықтан өткізіледі және конкурстың қорытындысы шығарылғанға дейін бір апта бұрын аяқталады.
Әдістемелік және техникалық талаптарға сәйкес рәсімделген өтінімдер мен конкурстық жұмыстар 2020 жылғы 24 ақпан мен 24 сәуір аралығында ұйымдастыру комитетінің электрондық мекенжайына қабылданады: konkurscit@bk.ru (өтінімдер мен жұмыстарды қабылдау 2020 жылы 24 сәуір сағат 18.00-де тоқтатылады).                  
Конкурстың қорытындысы  2020 жылғы  30 сәуір күні білім беру басқармасының (http://edupvl.kz)  және ОАТО (http://pvlcit.kz) сайттарында  жарияланады.