Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар байқауының қорытындысы шығарылды

20.11.2023
Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар байқауының қорытындысы шығарылды

2023 жылғы 17 қарашада Ақпараттық технологиялар орталығы Абай атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-гимназиясында «Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» атты облыстық байқауының финалдық кезеңін өткізді.

38 педагог 5 бағыт бойынша бағын сынады: 1) оқу-әдістемелік кешендер мектептерде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану; 2) мектепке дейінгі ұйымдарда АКТ технологияларын қолдану; 3) Steam технологиясы бойынша оқу-әдістемелік құралдар; 4) 3D модельдеу; 5) оқу-тәрбие мақсатында бейнеконтент жасау.

Қазылар алқасының құрамына Margulan University «Информатика» білім беру бағдарламасының жетекшісі Р.А.Ельтинова, Павлодар облысы цифрлық технологиялар басқармасының ақпараттандыруды дамыту орталығының жетекшісі А.К.Даметов, Павлодар облысы білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскері Н.С.Жантурина, М.Қатаев атындағы оқушылар сарайының түсіру және монтаждау үйірмесінің жетекшісі және операторы В.А.Классен және орталық қызметкерлері кірді.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды:

І дәрежелі диплом иегерлері: Азиза Азатовна Хасанова, Сабит Сапарбекович Маусумбаев, Альбина Равильевна Сосфёнова, Николай Николаевич Филипенко, Айдар Абылаевич Шайхимов, Зайтуна Нурмухамбетовна Сеитова, Макпал Бейсенғазыевна Бокишева, Алишер Асенов Асамбаев

ІІ дәрежелі дипломды: Лаура Кайратовна Батталова, Сымбат Сулейменовна Айтмухан, Макпал Толегеновна Бекмуханова, Гульнура Серикжановна Аспанова, Даурен Жумабекович Закарьянов, Мейрамгуль Кудайбергеновна Кабышева, Виталий Александрович Кожокар, Фариза Нурланқызы Абласан, Меруерт Тамашбай.

ІІІ дәрежелі дипломға ие болды: Замира Шамуритовна Эргашова, Назигуль Каирбековна Типанова, Мавжуда Анарбайқызы Алимова, Мәлике Елубайқызы Әбдірахман, Гульнур Бакытовна Алиева, Гаухар Нурлановна Сулейменова, Елена Владимировна Резмерица, Алишер Серикович Омурзаков, Умит Кунафияновна Ахметова.

«Шығармашыл» номинациясы бойынша Қайырбек Тоқжан Серікұлы, «Үміткер» номинациясы бойынша Толқын Арықпанова, Баланюк Алена Ивановна, Тезекбаева Әйгерім Маратқызы, Ташимова Әсел Қабенқызы, Свиридова Марина Ромашовна грамоталармен марапатталды.